Баспасөз релизі
2023 жылдың 9 айына ҚР Қаржы министрлігі Аппеляциялық комиссиясының жұмыс қорытындылары
Апелляциялық комиссия 2023 жылдың 9 айына 31 отырыс өткізді, сонда 178 шағым қаралып, салық төлеушілердің/СЭҚ қатысушылардың дәлелдері қабылданып, 59 тексерістің нәтижелері жойылды, яғни барлық қаралған шағымнан 33%.
Аппеляциялық комиссиясының 2023 жылдың 9 айының отырысына тікелей салық төлеушілердің және СЭҚ қатысушылардың 150 өкілдері қатысты және Апелляциялық комиссияның мүшелеріне өздерінің дәлелдерін жеткізді.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің (gov.kz) ресми сайтында «Қызмет/Апелляциялық комиссия/Салықтық және кедендік дауларды қарау нәтижесі» бөлімінде салықтық және кедендік даулар бойынша 880 шешім орналастырылды, соның ішінде 2023 жылдың 9 айында 117 шешім орналастырылды.
Бұдан басқа, «Қазақстандағы салықтар» және «Есеп KZ» бизнес-қоғамдастықтарының интернет-ресурстарында салықтық және кедендік даулар бойынша 234 шешім орналастырылды.
Сондай-ақ, ағымдағы жылы Апелляциялық комиссияның шешімдерін бизнес - қоғамдастық пен мемлекеттік органдар арасында өте танымал «ПАРАГРАФ» ақпараттық жүйесіне орналастыру бойынша жұмыс басталды, онда салық төлеушілер шағымдарды қарау нәтижелерімен өтеусіз негізде таныса алады (85 шешім орналастырылды).
Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Аппеляциялық комиссиясының интернет желісінде Instagram (арнасы «QARJYMINKZ»), Telegram (арнасы «Қаржы Channel»), You Tube (арнасы «QARJYMINKZ») видеотаспа жарияланды. Ол ішінде салықтық шағымдармен кедендік тексерістерге байланысты жиі кездесетін сұрақтар ұсынылған. Белгіленген жұмыстарды тұрақты түрде жүргізуді жоспарлап отыр.