Кедендік шекарадағы өткізу пункттерінде және тауарларды жеткізу орындарында тауарларды кедендік декларациялау, кедендік тазарту, шығару және кедендік транзит кедендік рәсімін аяқтауға байланысты кедендік операцияларды жасау кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл тәртібін бекіту туралы БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ

ҚАЗАҚСТАН

РЕСПУБЛИКАСЫ

ҚАРЖЫ МИНИСТРІЛІГІ

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

Астана қаласы

2023 жылғы «14_»_09_

№_976_

 

 

Астана қаласы

2023 жылғы «29» __09_

№__345_

 

 

ҚАЗАҚСТАН

РЕСПУБЛИКАСЫ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚСТАН

РЕСПУБЛИКАСЫ

КӨЛІК МИНИСТРЛІГІ

 

Астана қаласы

2023 жылғы «_11_»_09__

№_565__

 

Астана қаласы

2023 жылғы «_21_» _09__

№_5_

       

 

 

Кедендік шекарадағы өткізу пункттерінде және тауарларды жеткізу орындарында тауарларды кедендік декларациялау, кедендік тазарту, шығару және кедендік транзит кедендік рәсімін аяқтауға байланысты кедендік операцияларды жасау кезінде мемлекеттік органдардың өзара     іс-қимыл тәртібін бекіту туралы

 

                                            БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 1008 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі ұлттық іс-шаралар жоспарының  11-тармағын орындау мақсатында және «Құқықтық ақтілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

  1. Қоса беріліп отырған Кедендік шекарадағы өткізу пункттерінде және тауарларды жеткізу орындарында тауарларды кедендік декларациялау, кедендік тазарту, шығару және кедендік транзит кедендік рәсімін аяқтауға байланысты кедендік операцияларды жасау кезінде мемлекеттік органдардың өзара                  іс-қимыл тәртібі бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті мен Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті және Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бірлескен бұйрықтың мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
  3. «Кедендік ресімдеу орталықтарында және Халықаралық көлік-логистикалық орталықтарында тауарларды кедендік декларациялау, кедендік тазарту және шығарумен байланысты кедендік операцияларды жасау кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл тәртібін бекіту туралы»               Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары –                      Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 1 тамыздағы № 349,       Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 585, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 маусымдағы №346, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 336 бірлескен бұйрығының күші жойылсын.
  4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының қаржы, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, көлік вице-министрлеріне жүктелсін.
  5. Осы бірлескен бұйрық 2023 жылғы 1 қазаннан бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

орынбасары – Қаржы министрі

 

_____________  Е. Жамаубаев

 

 

 

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы

министрі

 

____________ А. Сапаров

 

 

Қазақстан Республикасының   Денсаулық сақтау министрі

 

_________________ А. Ғиният

 

Қазақстан Республикасының       

Көлік министрі

 

_____________ М. Қарабаев

 

 

 

Кедендік шекарадағы өткізу пункттерінде және тауарларды жеткізу орындарында тауарларды кедендік декларациялау, кедендік тазарту, шығару және кедендік транзиттің кедендік рәсімін аяқтауға байланысты кедендік операцияларды жасау кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл тәртібі
Дата публикации
04 октября 2023