«Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы
№ 252 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларында:
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. «Салық төлеушілердің пилоттық жобаларға қатысуы» критерийі пилоттық жобаға қатысқан жағдайда айқындалады.
Осы өлшемшарттың артықшылығы – 4 балл алу, тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – оң. »;
23-тармақ алып тасталсын;
26-3-тармақ алып тасталсын;
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«34. «Cалық мiндеттемесiнiң орындалуы мәселелері бойынша кешенді тексеруде кезеңі төрт жылға тең және одан да көп жылы қамтылмаған, ірі салық төлеушілер мониторингінде тұрғандарды қоспағанда, салық мiндеттемесiнiң орындалуы мәселелері бойынша кешенді тексеруде кезеңі екі жылға тең және одан да көп жылы қамтылмаған заңды тұлғалар ретінде тіркелген салық төлеушілер» өлшемшарты. »;
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
САЛЫСТЫРУ КЕСТЕСІ
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы _________ № ____ бұйрығын «Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 252 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
|
№ р/с |
Құқықтық актінің құрылымдық элементі |
Қолданыстағы редакция |
Болжалды редакция |
Негіздеме |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидалары |
||||
|
1. |
20-тармақ |
20. «Салықтық мониторингке қатысу» өлшемшарты көлденең мониторинг туралы келісім, сондай-ақ көлденең мониторинг бойынша пилоттық жобада болған жағдайларда айқындалады. Осы өлшемшарттың артықшылығы – 4 балл алу, тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – оң.
|
20. «Салық төлеушілердің пилоттық жобаларға қатысуы» критерийі пилоттық жобаға қатысқан жағдайда айқындалады. Осы өлшемшарттың артықшылығы – 4 балл алу, тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – оң.
|
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 68-бабының 1-1-тармағына сәйкес пилоттық жобаларды жүргізу көзделген. Бүгінгі таңда ережелер екі пилоттық жоба (көлденең мониторинг және астық нарығына қатысушылар) бойынша оң әсер ететін өлшемшарттарды көздейді. Бұдан басқа, әзірленіп жатқан пилоттық жобалар бойынша тәуекелдің жаңа екі оң өлшемшарттарын енгізу жоспарлануда. Осылайша, осы Ережелер үнемі өзгеріске ұшырайды. Пилоттық жобаларды әзірлеу және жою кезінде тұрақты өзгерістер енгізуді болдырмау мақсатында бұйрыққа осы бекіту талап етіледі. |
|
2. |
23-тармақ |
23. «Салықтар және әлеуметтік төлемдер бойынша дәйекті берешектің болмауы» өлшемшарты осы Қағидалардың 8-тармағында белгіленген күннің алдындағы 6 (алты) айдың соңғы күніндегі жағдай бойынша айқындалады. Осы өлшемшарттың басымдылығы – минус 3 балл, тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – оң. Тәуекел дәрежесінің (деңгейінің) бұл өлшемшарты шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын салық төлеушілерге қатысты қолданылады. |
23. Алып тастау |
Салықтар мен әлеуметтік төлемдер бойынша қарыздың болмауы салық төлеушінің тәуекел дәрежесіне оң әсер етеді. Бұл ретте салық берешегі салық төлеушінің салық міндеттемесі болып табылатын мерзімде төленген салықтар мен әлеуметтік төлемдер болмаған кезде қалыптастырылады. Салық төлеушіге қатысты салық міндеттемелері орындалмаған кезде мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері қолданылады. Салық төлеушілер мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын болдырмау үшін салық төлеуді жүргізетіндіктен, салық берешегі болған кезде салық төлеу тәуекел дәрежесіне оң әсер етпеуі тиіс. |
|
3. |
26-3-тармақ |
26-3. «Астық нарығына қатысушыларға қосылған құн салығының асып кеткен сомасын оңайлатылған қайтару жөніндегі пилоттық жобаға қатысушы» өлшемшарты Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мемлекеттік кірістер органдарына есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5 (бесінші) күнінен кешіктірмей ұсынатын, салық төлеушіні пилоттық жобаға қатысушы ретінде тіркеу туралы мәліметтері негізінде айқындалады. Осы өлшемшарттың артықшылығы – минус 1 балл, тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – оң. |
26-3. Алып тастау |
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 68-бабының 1-1-тармағына сәйкес пилоттық жобаларды жүргізу көзделген. Бүгінгі таңда ережелер екі пилоттық жоба (көлденең мониторинг және астық нарығына қатысушылар) бойынша оң әсер ететін өлшемшарттарды көздейді. Бұдан басқа, әзірленіп жатқан пилоттық жобалар бойынша тәуекелдің жаңа екі оң өлшемшарттарын енгізу жоспарлануда. Осылайша, осы Ережелер үнемі өзгеріске ұшырайды. Пилоттық жобаларды әзірлеу және жою кезінде тұрақты өзгерістер енгізуді болдырмау мақсатында бұйрыққа осы бекіту талап етіледі. Бұл критерий тәуекел критерийлерінің бірігуіне байланысты алып тастауға жатады. |
|
4. |
34-тармақ |
34. «Cалық мiндеттемесiнiң орындалуы мәселелері бойынша кешенді тексеруде кезеңі төрт жылға тең және одан да көп жылы қамтылмаған, ірі салық төлеушілер мониторингінде тұрғандарды қоспағанда, салық мiндеттемесiнiң орындалуы мәселелері бойынша кешенді тексеруде кезеңі үш жылға тең және одан да көп жылы қамтылмаған заңды тұлғалар ретінде тіркелген салық төлеушілер» өлшемшарты. |
34. «Cалық мiндеттемесiнiң орындалуы мәселелері бойынша кешенді тексеруде кезеңі төрт жылға тең және одан да көп жылы қамтылмаған, ірі салық төлеушілер мониторингінде тұрғандарды қоспағанда, салық мiндеттемесiнiң орындалуы мәселелері бойынша кешенді тексеруде кезеңі екі жылға тең және одан да көп жылы қамтылмаған заңды тұлғалар ретінде тіркелген салық төлеушілер» өлшемшарты. |
Салықтық тексерумен қамтылмаған кезеңді екі жылға дейін қысқарту бөлігінде тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімді салықтық тексерулер жүргізу үшін салық төлеушілерді іріктеу кезінде қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын қайта қарау бойынша Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2023 жылғы 9 маусымдағы аудиторлық қорытындысында көрсетілген ескертулерді жою мақсатында.
|
«Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 252 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрық жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
(бұдан ары – Бұйрық жобасы)
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі.
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 68-бабының 1-1-тармағына сәйкес пилоттық жобаларды жүргізу көзделген. Ережелер екі пилоттық жоба (көлденең мониторинг және астық нарығына қатысушылар) бойынша оң әсер ететін өлшемшарттарды көздейді. Бұдан басқа, әзірленіп жатқан пилоттық жобалар бойынша тәуекелдің жаңа екі оң өлшемшарттарын енгізу жоспарлануда.
Бұйрықты жобасын қабылдау мемлекеттік бюджеттен қосымша шығындарды талап етпейді.
Бұйрық жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
Көрсетілген бұйрық жобасын қабылдаудың мақсаты құпия ақпарат болып табылмайтын критерийлер бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларына өзгерістер енгізу болып табылады. Пилоттық жобаларды әзірлеу және жою кезінде тұрақты өзгерістер енгізуді болдырмау мақсатында. Салықтық тексерумен қамтылмаған кезеңді қысқарту бөлігінде тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімді салықтық тексерулер жүргізу үшін салық төлеушілерді іріктеу кезінде қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын қайта қарау бойынша жою мақсатында.
Жоқ.
Талап етілмейді.
2023 жылғы 7 тамыз 14,4 мб.
Бұйрық жобасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурсында және ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған.
Сәйкес келеді.
Талап етілмейді.
Вице министр Е. Біржанов