«Әкімші» кәсіптік стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 117-бабы 2-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған «Әкімші» кәсіптік стандарты бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;  

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің   интернет-ресурсында орналастыруды;

3) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және  2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  

Лауазымы                                                                                  Аты-жөні

 

 

 «КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрлігі

 

бұйрық жобасы
Дата публикации
01 сентября 2023