БҰЙЫРАМЫН:
- «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 9 шілдедегі № 651 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17230 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 5-тармағына сәйкес: БҰЙЫРАМЫН";
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Персоналды басқару және стратегия департаментіне Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен:
- осы бұйрықтың мемлекеттік жіне орыс тілдеріндегі көшірмесін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігің Заңнама және құқықтықақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республиқалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдансын;
- осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған кейін он күндізбелік күн өткен соң к қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі Е. Жамаубаев