«Уәкiлеттi мемлекеттік органдардың салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерi бар салық төлеушiлер туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын, мерзімдерін және нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 412 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН

  1. «Уәкiлеттi мемлекеттік органдардың салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерi бар салық төлеушiлер туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын, мерзімдерін және нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 412 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16690 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының ішкі істер және индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінің салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерi бар салық төлеушiлер туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын, мерзімін және нысанын бекіту туралы»;

бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 26-баптың 3-тармағына және 491-баптың 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының ішкі істер және индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінің салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерi бар салық төлеушiлер туралы, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары және мерзімі;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерi бар салық төлеушiлер туралы, сондай-ақ көлік құралдары салығы бойынша салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді ұсыну нысаны бекітілсін.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Уәкiлеттi мемлекеттік органдардың салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерi бар салық төлеушiлер туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары, мерзімі және нысанында:

жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2018 жылғы 28 наурыздағы

№ 412 бұйрығына

1-қосымша»;

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының ішкі істер және индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінің салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерi бар салық төлеушiлер туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары және  мерзімі»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Қазақстан Республикасының ішкі істер және индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінің салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерi бар салық төлеушiлер туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағида) және мерзімі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабының 3-тармағына және 491-бабтың 1-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының ішкі істер, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінің, сонымен қатар салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды және (немесе) тiркеудi жүзеге асыратын бөлімшелерінің (бұдан әрі – уәкілетті мемлекеттік органдар) мемлекеттік кірістер органдарына салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерi бар салық төлеушiлер туралы, сондай-ақ көлік құралдары салығы бойынша салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді (бұдан әрі – мәліметтер) ұсыну тәртібі мен мерзімін айқындайды

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Уәкілетті мемлекеттік органдар жыл сайын, есепті жылдан кейінгі бірінші айдың 15-інен кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органына осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерi бар салық төлеушiлер туралы, сондай-ақ көлік құралдары салығы бойынша салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді ұсыну нысаны бойынша мәліметтерді ұсынады.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерi бар салық төлеушiлер туралы, сондай-ақ көлік құралдары салығы бойынша салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтер нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы   Аты-жөні

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрлігі

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Стратегиялық жоспарлау және

реформалар агенттiгi Ұлттық

статистика бюросы

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ішкі істер министрлігі

 

 

Бұйрық жобасы
Дата публикации
20 июня 2023