«Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 196 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 196 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 196 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26923 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. 20 (жиырма) фильтрлі, фильтрсіз сигаретке, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға:

1) 2023 жылғы 1 шілдеден бастап 2023 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін жеті жүз он теңге;

2) 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жеті жүз жетпіс теңге мөлшерінде ең төменгі бөлшек сауда бағалары белгіленсін.».

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

 

«Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 196 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы «__» ___ № ____бұйрығына

САЛЫСТЫРМАЛЫ КЕСТЕ

 

№

Құрылымдық элемент

Қолданыстағы редакция

 

Ұсынылатын редакция

 

Негіздеме

1

2

3

4

5

1.

1-тармақ

1. 20 (жиырма) фильтрлі, фильтрсіз сигаретке, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға алты жүз елу теңге мөлшерінде ең төменгі бөлшек сауда бағаcы белгіленсін.

 

1. 20 (жиырма) фильтрлі, фильтрсіз сигаретке, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға:

1) 2023 жылғы 1 шілдеден бастап 2023 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін жеті жүз он теңге;

2) 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жеті жүз жетпіс теңге мөлшерінде ең төменгі бөлшек сауда бағалары белгіленсін.

«Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – заң) 5-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес темекі өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті орган (Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі) фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілейді.

Темекі өнімдеріне ең төменгі бөлшек сауда бағаларының ұлғаю себептері:

- 2023-2024 жылдары акциз мөлшерлемесі 14%-ға ұлғайтылды;

- импортталатын шикізат пен материалдардың құны орта есеппен 20%-ға өсті;

- темекі өнімдерінің шикізаты мен компоненттерінің логистикасы едәуір күрделенді;

- 2022 жылы инфляция 20,3% құрады.

Жазылғандарды ескере отырып, темекі өнімдеріне ең төменгі бөлшек сауда бағаларын 2023 жылғы 1 шілдеден бастап 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін жеті жүз он теңге және 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жеті жүз жетпіс теңгеден арттыру орынды деп санаймыз.

«Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 196 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
03 мая 2023