«Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы №629 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

«Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығын

бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің

2016 жылғы 30 қарашадағы №629 бұйрығына толықтырулар

енгізу туралы

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы «Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 28 желтоқсанда № 14623 болып тіркелді) № 629 бұйрығына мынадай толықтыру енгізілсін:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген бюджеттік мониторинг жүргізу жөніндегі Нұсқаулықта:

3 тарау 3-1 параграфпен толықтырылсын:

«3-1 параграф. Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу кезінде жергілікті бюджеттер базасына енгізілген ағымдағы нысаналы трансферттер, жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы заңда белгіленген бағыттар бойынша қаражаттың ең төмен көлемінің орындалуын талдау.

47-1. Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу кезінде жергілікті бюджеттер базасына енгізілген ағымдағы нысаналы трансферттер, жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы заңда белгіленген бағыттар бойынша қаражаттың ең төмен көлемінің орындалуын талдауды тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік есептілік және ақпарат негізінде жүзеге асырады.

47-2. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жергілікті бюджеттік бағдарламаларды қалыптастырады және тиісті әкімшіге немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратына:

жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу кезінде жергілікті бюджеттер базасына енгізілген ағымдағы нысаналы трансферттерді іске асыру мониторингінің нәтижелері туралы есепті:

есепті жылға – есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 18 қаңтарынан кешіктірмей осы Нұсқаулықтың 14-1-қосымшасына сәйкес ұсынады.

47-3. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты қалыптастырады және тиісті ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік бағдарлама әкімшісіне:

жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу кезінде жергілікті бюджеттер базасына енгізілген ағымдағы нысаналы трансферттерді іске асыру мониторингінің нәтижелері туралы есепті:

есепті жылға – есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 18 қаңтарынан кешіктірмей осы Нұсқаулықтың 15-3 қосымшасына сәйкес ұсынады.

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері жиынтық есептілікті қалыптастырады және ауданның, облыстық маңызы бар қаланың бюджетін атқару жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.

Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың бюджетін атқару жөніндегі уәкілетті орган ұсынылған есептерді келіседі және жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу кезінде ауданның, облыстық маңызы бар қаланың бюджет базасына енгізілген ағымдағы нысаналы трансферттерді іске асыру жөніндегі жиынтық есептерді қалыптастырады.

Есептерді электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, электрондық түрде келісуге жол беріледі.

47-4. Облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдары облыстың бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға:

жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу кезінде жергілікті бюджеттер базасына енгізілген ағымдағы нысаналы трансферттерді іске асыру мониторингінің нәтижелері туралы есепті:

есепті жылға – есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 20 қаңтарынан кешіктірмей осы Нұсқаулықтың 16-1 қосымшасына сәйкес ұсынады.

Облыстың бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органы ұсынылған есептерді келіседі және жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу кезінде облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің базасына енгізілген ағымдағы нысаналы трансферттерді іске асыру жөніндегі жиынтық есептерді қалыптастырады.

Есептерді электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, электрондық түрде келісуге жол беріледі.

47-5. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органмен келісілген  жергілікті бюджет базасына нысаналы трансферттерді енгізген тиісті салалардың (аялардың) орталық уәкілетті органдарына:

1) жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу кезінде жергілікті бюджеттер базасына енгізілген ағымдағы нысаналы трансферттерді іске асыру мониторингінің нәтижелері туралы есепті:

есепті жылға – есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 23 қаңтарынан кешіктірмей осы Нұсқаулықтың 17-1 қосымшасына сәйкес;

2) жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы заңда белгіленген бағыттар бойынша қаражаттың ең төмен көлемі:

есепті жылға – есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 23 қаңтарынан кешіктірмей осы Нұсқаулықтың 17-2 қосымшасына сәйкес ұсынады.

47-6.  Жергілікті бюджет базасына нысаналы трансферттерді енгізген тиісті салалардың (аялардың) орталық уәкілетті органдары қалыптастырады және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға:

1) жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу кезінде жергілікті бюджеттер базасына енгізілген ағымдағы нысаналы трансферттерді іске асыру мониторингінің нәтижелері туралы есепті:

есепті жылға – есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 25 қаңтарынан кешіктірмей осы Нұсқаулықтың 18-1 қосымшасына сәйкес;

2) жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы заңда белгіленген бағыттар бойынша қаражаттың ең төмен көлемі:

есепті жылға – есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 25 қаңтарынан кешіктірмей осы Нұсқаулықтың 18-2 қосымшасына сәйкес ұсынады.

47-7. Бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар қаржы жылының қорытындылары бойынша есепті қаржы жылынан кейінгі екінші айдың 25-күніне Қазақстан Республикасының Үкіметіне, тиісті жергілікті атқарушы органдарға жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу кезінде жергілікті бюджеттер базасына енгізілген ағымдағы нысаналы трансферттерді іске асыру мониторингінің нәтижелері туралы талдамалық есепті осы Нұсқаулықтың 20-1 қосымшасына сәйкес нысанда ұсынады.

47-8. Жалпы сипаттағы трансферттерді, жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы заңда белгіленген бағыттар бойынша ең аз қаражат  көлемін есептеу кезінде жергілікті бюджеттер базасына енгізілген ағымдағы нысаналы трансферттерді іске асыру мониторингінің нәтижелері туралы есеп осы Нұсқаулықтың 14-1, 15-3, 16-1, 17-1, 17-2, 18-1, 18-2 және 20-1 қосымшаларына сәйкес нысан бойынша бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар мен жергілікті бюджет базасына нысаналы трансферттерді енгізген тиісті салалардың (аялардың) орталық уәкілетті органдары ұсынатын ақпарат негізінде жасалады.

47-9. 14-1, 15-3, 16-1, 17-1, 18-1 және 20-1 қосымшалары келесідей толтырылады:

1) 1 бағанда бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің коды көрсетіледі;

2) 2 бағанда бюджет бағдарламаның коды көрсетіледі;

3) 3-бағанда 1-2-бағандардағы кодтарына сәйкес келетін бірыңғай бюджеттік сыныптамасына сәйкес бюджет шығыстары кодтарының атауы көрсетіледі;

4) 5-7-бағандарда бекітілген, нақтыланған және түзетілген бюджет сомалары көрсетіледі;

5) 8 бағанда есепті кезең үшін игерілген бюджет қаражатының сомасы көрсетіледі;

6) 9-бағанда есепті кезеңдегі орындалу пайызы көрсетіледі;

7) 10-бағанда есепті кезеңдегі орындалмаған сома көрсетіледі;

8) 11 бағанда есепті кезең үшін бюджет қаражатын үнемдеудің жалпы сомасы көрсетіледі;

9) 12-бағанда мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша қалыптасқан қаражаттың үнемделген сомасы көрсетіледі;

10) 13 бағанда ЕТҚ бойынша үнемдеу сомасы көрсетіледі;

11) 14 бағанда есепті кезеңдегі бюджет қаражатының игерілмеуінің жалпы көлемі көрсетіледі;

12) 15-18-бағандарда есепті кезеңдегі бюджет қаражатының игерілмеу көлемі көрсетіледі;

13) 19-бағанда есепті жылға арналған бюджет қаражатының игерілмеу себептері толық сипатталады.

47-10. 17-2 және 18-2 қосымшалары келесідей толтырылады:

1) 1-бағанда облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атауы көрсетіледі;

2) 2-бағанда есепті жылға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы заңда белгіленген бағыттар бойынша қаражаттың ең төмен көлемі көрсетіледі;

3) 3-5-бағандарда бекітілген, нақтыланған және түзетілген бюджет сомалары көрсетіледі ;

4) 6 бағанда есепті кезең үшін игерілген бюджет қаражатының сомасы көрсетіледі;

5) 7-бағанда есепті кезеңдегі орындалу пайызы көрсетіледі;

6) 8-бағанда мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша қалыптасқан қаражатты үнемдеу сомасы көрсетіледі;

7) 9 бағанда есепті кезеңдегі бюджет қаражатының игерілмеуінің жалпы көлемі көрсетіледі;

12) 10-12-бағандарда есепті кезеңдегі бюджет қаражатының игерілмеу көлемі көрсетіледі;

13) 13-бағанда есепті жылға арналған бюджет қаражатының игерілмеу себептері толық сипатталады.

47-11. Жалпы сипаттағы трансферттерді, жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы заңда белгіленген бағыттар бойынша ең аз қаражат  көлемін есептеу кезінде жергілікті бюджеттер базасына енгізілген ағымдағы нысаналы трансферттерді іске асыру мониторингінің нәтижелері туралы есептердің нысандары бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің  (тиісті саланың (аясының) орталық уәкілетті органының) бірінші басшысының және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның бірінші басшысының қолы қойылып ұсынылады.

47-12. Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу кезінде жергілікті бюджеттер базасына енгізілген ағымдағы нысаналы трансферттер, жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы заңда белгіленген бағыттар бойынша қаражаттың ең төмен көлемін іске асыру мониторингінің нәтижелері туралы есептерде теңгемен толтырылады, бұл ретте нысандарда (қосымшаларда мың теңгемен көрсетіледі.

осы бұйрық 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8 қосымшалары 14-1, 15-3, 16-1, 17-1, 17-2, 18-1, 18-2 және 20-1 қосымшаларымен толықтырылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсыну.

  1. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасары - Қаржы министрі

 

Е. Жамаубаев

 

 

«Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы №629 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Дата публикации
29 марта 2023