СОВМЕСТНЫЙ ПРИКАЗ О признании утратившим силу совместного приказа Министра финансов Республики Казахстан от 19 февраля 2018 года № 239 и Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 16 февраля 2018 года № 47 «Об утверждении перечня налоговых заявлений, представляемых через Государственную корпорацию «Правительство для граждан»

Министерство цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК

город Астана

 

от 28 февраля 2023 года

№ 66/НҚ

 

 

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Астана қаласы

 

2023 жылғы 28 ақпандағы

№ 66/НҚ

 

      Қазақстан Республикасы   Қаржы министрлігі

 

 

 

     2023 жылғы 28 ақпандағы

     № 217

 

 

 «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы

арқылы ұсынылатын салықтық өтініштер тізбесін бекіту туралы»

 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 239 және Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 47 бірлескен

бұйрығын күші жойылды деп тану туралы

 

БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҒЫ

 

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

  1. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы ұсынылатын салықтық өтініштер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 239 және Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің
    2018 жылғы 16 ақпандағы № 47 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16531 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
  2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

 

 

 

____________ Е. Жамаубаев

 

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар

және аэроғарыш өнеркәсібі

министрі

    

________________  Б. Мусин

 

 

 

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

__________Б. Мусин

 

        Қазақстан Республикасы   Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі

 

__________Е. Жамаубаев

 

 

Бұйрық
Дата публикации
07 марта 2023