2023 жылғы 22 ақпандағы №199
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгертулер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1) «Салықтық өтініштердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 160 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 26 ақпанда № 16425 болып тіркелді):
1-тармақтың 14) тармақшасы алып тасталсын;
2) «Жеке шоттарын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16601 болып тіркелген):
Осы бұйрықпен бекітілген Жеке шоттарын жүргізу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Жеке шоттарын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 97-бабы 2 және 7-тармақтарына, 100-бабының 2-тармағына, 101-бабының 7-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және салық төлеушілердің (салық агенттерінің) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) жеке шоттарын жүргізу және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтардың аумақтары бойынша аумақтық органдарында (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, сондай-ақ әлеуметтік төлемдерді есепке алу тәртібін, оның ішінде:
1) «Бюджетпен есеп айырысулар жай-күйі, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер туралы жеке шоттан үзінді көшірме беру»;
2) «Есебі мемлекеттік кірістер органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді беру»;
3) «Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұл мен айыппұлдарды есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібін айқындайды.
Осы Қағидалармен айқындалатын мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібіне өзгертулер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде, тиісті нормативтік құқықтық актілері әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушілерге, «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына, Бірыңғай байланыс-орталығына жолдайды.»;
147-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«147. «Бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер туралы жеке шоттан үзінді көшірме беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар көрсетілетін қызметті берушілерге бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер туралы жеке шоттан үзінді көшірме алуға сұрауды www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жолдайды.»;
148-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«148. «Бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер туралы жеке шоттан үзінді көшірме беру» және «Есебі мемлекеттік кірістер органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбелері осы Қағидаларға 16 және 17 қосымшаларында келтірілген.»;
151 және 152-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«151. Келіп түскен құжаттарды тіркеу осы Қағидаларға 18-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ОБЖШ АЖ-де көрсетілген қызметті беруші жүргізетін жеке шоттан көшірме беру және берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді сұрауларын тіркеу журналында автоматты түрде жүзеге асырылады.
166 және 167-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«166. «Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұл мен айыппұлдарды есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы, сондай-ақ www.egov.kz «электрондық Үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) және «Салық төлеуші кабинеті» веб-қосымшасы арқылы жүгінеді.
168-тармақта:
бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«168. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар осы Қағидаларға 22-қосымшасына сәйкес Тізбенің 8-тармағымен көзделген құжаттарды ұсынады.»;
жетінші және сегізінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 22-қосымшасына сәйкес Тізбенің 8-тармағында көзделген толық емес құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға табыс еткен кезде, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданған құжаттар тізбесі, өтінішті қабылдаған қызметкер тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда), өтінішті беру күні және уақыты, сондай-ақ дайын құжаттарды беру күні көрсетілген, тиісті құжаттарды қабылдау туралы мониторингтің ақпараттық жүйесі тағайындаған штрих-коды бар қолхат беріледі.»;
он бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Көрсетілетін қызметті алушылар құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға келу тәртібімен тапсырған кезде, Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды тексереді, және қабылданған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге курьер қызметі арқылы, және (немесе) пошта байланысы, және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы жолдайды.»;
он үшінші және он төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды электронды түрде ұсынған кезде құжаттарды өңдеу автоматты түрде жүргізіледі. Бұл ретте, көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 22-қосымшасына сәйкес Тізбенің 8-тармағында көзделген толық емес құжаттар топтамасын электронды түрде ұсынған және (немесе) қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 73-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес тыңдау жүргізбей, электронды түрде ұсынылған құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 22-қосымшасына сәйкес Тізбенің 8-тармағында көзделген толық емес құжаттар топтамасын қағаз тасығышта ұсынған және (немесе) қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші ӘРПК 73-баптың талаптарын сақтап, қағаз тасығышта ұсынылған құжаттарды қабылдаудан бас тартады.»;
жиырма жетінші және жиырма сегізінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру оның жұмыс кестесіне сәйкес, жеке басын куәландыратын құжатты, немесе цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) электрондық құжатты, не өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетілетін Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжаттың негізінде әрекет ететін оның өкілі көрсеткен кезде жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілген мерзімде алуға келмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы алғанға дейін мерзімінде талап етілмеген құжаттардың қабылдау орны бойынша сақталуын қамтамасыз етеді.»;
осы Қағидаларға 16, 17, 18 және 22-қосымшалар жаңа редакцияда осы бұйрыққа 1, 2, 3 және 4-қосымшаларына сәйкес жазылсын.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген шаралардың орындалуы туралы ақпарат ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі |
|
Е. Жамаубаев |
«ҚЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі