«Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 22 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

 БҰЙЫРАМЫН:

1. «Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 22 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссияның құрамы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Апелляция департаменті (Қ.И. Миятов) осы бұйрықты мүдделі адамдардың назарына жеткізсін.

3. Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді

Министр

                                         Е.Жамаубаев

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2020 жылғы 9 маусымдағы

№ 585 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2018 жылғы 12 қаңтардағы

№ 22 бұйрығымен бекітілген

 Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымдарды қарау

бойынша апелляциялық комиссияның құрамы

Комиссия Төрағасы – салықтардың, кеден және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету мәселелеріне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құқықтық қамтамасыз ету саласында қызметін жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің басшысы;

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің салық және кеден заңнамасы саласында қызметін жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің басшысы;

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің салық саясаты және кеден ісі саласындағы саясат шеңберінде қызметін жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің басшысы (келісім бойынша);

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары;

басқарушы директор – «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы салық салу саласындағы қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің директоры (келісім бойынша);

басқарушы директор – «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кедендік әкімшілік ету саласындағы қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің директоры (келісім бойынша).

«Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 22 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Дата публикации
15 июня 2020