2023 жылға бюджеттік алып қоюларды аударудың ай сайынғы мөлшерлерін бекіту туралы (12.12.2022 ж. №1268)

2023 жылға бюджеттік алып

қоюларды аударудың ай сайынғы

мөлшерлерін бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларының 158-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған 2023 жылға бюджеттiк алып қоюларды аударудың ай сайынғы мөлшерлерi бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық және кеден заңнамасы департаменті осы бұйрықты Атырау облысы, Астана және Алматы қалаларының Қаржы басқармаларының назарына жеткізсін.
  3. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді және 2023 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда қолданыста болады.

 

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары –

Қаржы министрі                                                                  Е. Жамаубаев

2023 жылға бюджеттік алып қоюларды аударудың ай сайынғы мөлшерлерін бекіту туралы
Дата публикации
13 декабря 2022