Бюджет түсімдері сыныптамасының ерекшеліктері бөлінісінде 2023 қаржы жылына арналған республикалық бюджет түсімдері болжамының жылдық сомасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 12-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған Бюджет түсімдері сыныптамасының ерекшеліктері бөлінісінде 2023 қаржы жылына арналған республикалық бюджет түсімдері болжамының жылдық сомасы бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық және кеден заңнамасы департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және мемлекеттік органдардың бюджет түсімдері сыныптамасының тиісті кодтары бойынша түсімдер жоспарының жобасын жасау үшін салықтық, кедендік және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдердің орындалуын бақылауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің назарына жеткізсін.
- Осы бұйрық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді және
2023 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда қолданыста болады.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қаржы министрі Е. Жамаубаев