|
«Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 23 бұйрығына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы |
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 23 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16289 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 7 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер және толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия туралы ережеде:
12 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын және мынадай мазмұндағы жаңа 17-1-тармағымен толықтырылсын:
«12. Комиссия отырыстары апта сайын әр бейсенбіде өткізіледі.
Егер отырысты өткізу күні мереке күніне келетін болса, онда отырыс одан кейінгі жұмыс күніне ауыстырылады.
Комиссия Төрағасы қажет болған жағдайда интернет-русурсы арқылы онлайн режимінде отырысты тағайындауға, сондай ақ отырысты өткізу күнін ауыстыруға құқылы.
Бұл ретте жұмыс органы Комиссия мүшелерін отырыстың интернет-русурсы арқылы онлайн режимінде өтетіні туралы немесе отырыс күнінің ауыстырылғаны туралы хабарландырады.
15. Егер отырысқа Комиссия мүшелерінің барлығы қатыспаған жағдайда, мұндай отырыс кворум болған кезде және уәкілетті орган ведомствосы өкілінің міндетті қатысуы шартында заңды деп есептеледі.
Комиссия отырысын өткізу мақсатында кворум Комиссия Төрағасын қоса алғанда, дауыс беру құқығы бар Комиссия мүшелері санының жартысынан кем болмау қажет.
17-1. Комиссия отырысында салық төлеушінің (салық агентінің) және (немесе) сыртқы экономикалық қызметке қатысушының шағымын қарау кезінде, осылар жақын туыстары (ата-анасы, балалары, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілілер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер), жұбайы (зайыбы) немесе жекжаты (ерлі-зайыптылардың аға-інілері, апалы-сіңлілілер (аға-қарындастар) ата-анасы мен балалары) болып табылатын болса, сондай-ақ тікелей немесе жанама мүдделілігі бар болса (мүдделер қақтығысы), мұндай Комиссия мүшелеріне қызметтік міндеттерін жүзеге асыруына тыйым салынады.
Комиссия мүшесі Комиссия төрағасына туындаған мүдделер қақтығысы туралы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы, өздеріне бұл жөнінде мәлім болысымен жазбаша нысанда хабарлауға міндетті.».
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Апелляция департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде, осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларымен қарастырылған шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі Е.Жамаубаев