|
«Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 23 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы |
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия туралы ережеде:
16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Комиссия салықтық, сол сияқты кедендік тексерулер бойынша шағымдарды қараған кезде, мүшенің - уәкілетті орган ведомствосы өкілінің қатысуы міндетті шарт болып табылады.
Аталған Комиссия мүшесінің болмауы шағымдарды келесі Комиссия отырысына қарау үшін шығаруға негіз болып табылады.
Комиссия салықтық, сол сияқты кедендік тексерулер бойынша шағымдарды қараған кезде «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан тиісті бағытқа тәлімгерлік ететін өкілдер қатысады.
«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері өзінің құзыретіне енетін мәселер бойынша (тәлімгерлік ететін бағыт бойынша) ғана дауыс береді.
Дауыс санау кезінде «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан 1 (бір) дауыс есептеледі.
Дауыс беру Комиссия отырысында осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысанда Апелляциялық комиссия мүшелерінің дауыс беру парағын толтыру арқылы жүргізіледі.
Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссия Төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.».
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде, осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларымен қарастырылған шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
|
Е. Жамаубаев |
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
________ облысының/қаласының Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акті 02.06.2020
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізіліміне № 20811 болып енгізілді