Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының (бұдан әрі – Жоба) жобасын әзірлеудің негізі «Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының атауын Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы деп өзгерту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 17 қыркүйектегі № 1017 Жарлығын (бұдан әрі – Жарлық) іске асыру болып табылады.

Бұдан басқа, Жобада Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ережесін Жарлыққа, сондай-ақ «Аудиторлық қызмет туралы» Заңның 14-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Заңның 1-бабының 6) тармақшасына, 17-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына, 23-бабының 8-тармағына және Кәсіпкерлік Кодекстің 82 бабына сәйкес келтіру көзделеді.

         Сонымен бірге, Жобада Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Тұран ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасын құру көзделген.

Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді.

Жоба 2022 жылдың 17 қазанда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz) (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14262160) және 2022 жылдың «___» қазанда Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында (www.beta.gov.kz) мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылды.

Дата публикации
18 октября 2022