БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Біліктілік емтиханын өткізу қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы осы Қағидаларға
1-қосымшаға сәйкес біліктілік емтиханын тапсыруға рұқсат беру туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш) және келесі құжаттарды:
1) құқық, экономика және бизнес саласындағы жоғары білімі туралы дипломның электрондық көшірмесін;
2) заңгерлік, экономикалық, бухгалтерлік, қаржылық, аудиторлық немесе бақылау-ревизия салаларындағы қатарынан үш жылдан кем емес жұмыс өтілін растайтын құжаттың электрондық көшірмесін;
3) көрсетілетін қызметті алушының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес осы Қағидалардың 1-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімін береді.
Осы тармақтың 3)-тармақшасында көрсетілген көрсетілетін қызметті алушының келісімі қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізу, оны жинау және өңдеуді қамтиды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметке процестің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және көрсету нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті ұсынудың ерекшеліктерін ескере отыра өзге де мәліметтерді қамтитын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшада белгіленген.»;
Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда 1-1-қосымшамен толықтырылсын.
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Лауазымы Аты-жөні
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі