ҚР ҚМ Ішкі аудит департаментінің 2021 жылғы аудиторлық
іс-шараларының нәтижелері туралы ақпарат
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 1225 бұйрығымен бекітілген 2021 жылға арналған ішкі мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес 5 аудиторлық іс-шара жүргізілді, оның ішінде:
- Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде;
- Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде;
- Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде;
- Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде;
- Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде.
Аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша ішкі мемлекеттік аудит объектілерінің басшыларына Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзушылықтарын жою және алдағы уақытта жол бермеу ұсынымдарымен анықталған бұзушылықтарды, кемшіліктерді жоюға 5 шешім жіберілді.
Объектілермен кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту, бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылданып, жұмыстағы кемшіліктерді жою жөнінде іс-шаралар жоспарлары әзірленді.
«Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес 1 лауазымды тұлға айыппұл сомасы 21,9 мың теңге әкімшілік жазаға тартылды.
Бұзушылыққа жол берген үшін 3 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, аудиторлық іс-шаралар нәтижелері бойынша ішкі мемлекеттік аудит объектілері жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, мемлекеттік сатып алу, бухгалтерлік есеп туралы заңнамаларын үнемі зерделеу, қаржылық тәртіпті, оның ішінде Министрліктің ведомствоішілік бұйрықтарын қатаң сақтау қажеттігі туралы ұсынымдар берілді.
Департамент объектілерде ішкі мемлекеттік аудитті жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнама нормаларын қолдану бойынша консультациялық және практикалық көмек көрсетеді.