«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі № 466 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі № 466 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің ережесінде:

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Эмитент қазынашылық міндеттемелердің мынадай түрлерін:

1) қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелерді;

2) орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді;

3) ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерді;

4) орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелерді;

5) ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелерді;

6) ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелерді;

7) арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді;

8) TONIA ставкасымен индекстелген қазынашылық міндеттемелерді шығаруды орналастыруды, айналысқа қосуды, қызмет көрсетуді және өтеуді жүзеге асырады.»;

11-тарау мынадай редакцияда толықтырылсын:

«11-тарау. TONIA ставкасымен индекстелген қазынашылық міндеттемелер»;

11-тараудың118-тармағы мынадай редакцияда толықтырылсын:

«118. TONIA ставкасымен индекстелген қазынашылық міндеттемелер купондық эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылады.»;

11-тараудың119-тармағы мынадай редакцияда толықтырылсын:

«119. TONIA мөлшерлемесімен индекстелген қазынашылық міндеттемелердің номиналдық құны-1000 теңге.»;

11-тараудың120-тармағы мынадай редакцияда толықтырылсын:

«120. «TONIA ставкасымен индекстелген қазынашылық міндеттемелер» атауы мемлекеттік тілде – «Мемлекеттік TONIA ставкасымен индекстелген қазынашылық міндеттеме» (МЕТИКАМ).»;

11-тараудың121-тармағы мынадай редакцияда толықтырылсын:

«121. TONIA мөлшерлемесімен индекстелген қазынашылық міндеттемелер бір жылдан астам айналыс мерзімімен шығарылады.»;

11-тараудың122-тармағы мынадай редакцияда толықтырылсын:

«122. TONIA ставкасымен индекстелген қазынашылық міндеттемелерді орналастыру және өтеу атаулы құны бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте айналыс мерзімі ішінде индекстелген купон деп аталатын сыйақы төленеді.»;

11-тараудың123-тармағы мынадай редакцияда толықтырылсын:

«123. Бойынша купон сомасын есептеуге арналған есеп айырысу базасы TONIA ставкасымен индекстелген қазынашылық міндеттемелер-есеп айырысу айында 30 күн / есеп айырысу жылында 360 күн.»;

11-тараудың124-тармағы мынадай редакцияда толықтырылсын:

«124. TONIA ставкасымен индекстелген қазынашылық міндеттемелер бойынша купонды төлеу орта мерзімді валюталық қазынашылық міндеттемелер айналысының тиісті жылының жылына екі рет эмитент белгілеген күндері жүзеге асырылады.»;

11-тараудың125-тармағы мынадай редакцияда толықтырылсын:

«125. Индекстелген купонның сомасы мынадай формуламен айқындалады:

S=N*(T/2)/100+C,

онда,

S, теңге - кезекті төлеуге жататын, TONIA ставкасымен индекстелген қазынашылық міндеттемелердің индекстелген купонының сомасы;

N, теңге - кезекті төлеуге жататын TONIA ставкасымен индекстелген қазынашылық міндеттемелердің тиісті санының номиналдық құнының сомасы;

T, % - төлеуге жататын өткен купондық кезең үшін алты айға (tcr_6m) TONIA Compounded ставкасы, t мәні үтірден кейін үшінші (қоса алғанда) санға дейін дөңгелектенеді;

С, - тіркелген купон сомасы,

бұл ретте, C=N*K*180/360,

онда,

K, % - орналастыру кезінде анықталған тіркелген жылдық купонның мәні.»;

11-тараудың126-тармағы мынадай редакцияда толықтырылсын:

«126. TONIA Compounded мөлшерлемесі алты айға (TCR_6M) күн сайын «Қазақстан қор биржасы» АҚ сайтында жарияланады.»;

11-тараудың127-тармағы мынадай редакцияда толықтырылсын:

«127. Егер өткен купондық кезең үшін Tonia Compounded ставкасы алты айға (TCR_6M) теріс мәнге тең болса, онда TONIA Compounded ставкасының мәні алты айға (TCR_6M) нөлге тең болады.»;

11-тараудың128-тармағы мынадай редакцияда толықтырылсын:

«128. TONIA ставкасымен индекстелген қазынашылық міндеттемелердің иелері заң актілерінде белгіленген шектеулерді қоспағанда, орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелермен кез-келген азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асыра алады. Бұл ретте инвестор TONIA мөлшерлемесімен индекстелген қазынашылық міндеттемелермен барлық операцияларды бастапқы дилер арқылы ресімдейді.».

  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі                                                           Ә. Смайылов

Постановление
Дата публикации
13 мая 2022