Деңгейлес мониторинг жөніндегі пилоттық жобаны жүргізудің қағидаларын бекіту туралы

Осы деңгейлес мониторинг жөніндегі пилоттық жобаны жүргізудің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2017 жылы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабы 1-1-тармағына сәйкес әзірленген.

Осы Қағидалар:

деңгейлес мониторинг жөніндегі пилоттық жоба (бұдан әрі – Пилоттық жоба) қолданатын салық төлеушілердің санатын;

Пилоттық жобаны жүзеге асыру кезіндесалық төлеушілердің, мемлекеттік кірістер органдарының және өзге де уәкілетті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін;

Пилоттық жобаны іске асыруды жүзеге асыру (енгізу) аумағын (учаскесін) және (немесе) өңірін;

Пилоттық жобаны жүзеге асыру кезінде мемлекеттік кірістер органдары мен салық төлеушілердің іс-қимылдарының дәйектілігін қамтитын Пилоттық жобаны іске асыру (енгізу) қағидаларын;

Пилоттық жобаны іске асыру (енгізу) мерзімін айқындайды.

Пилоттық жоба Салық кодексінің 15-тарауында көзделген деңгейлес мониторингті жүргізудің тәртібін жетілдіру және жаңғырту, өзара іс-қимыл үшін салық төлеушілердің ішкі бақылау жүйесі мен ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптарды белгілеу, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мақсатында іске асырылады.

Об утверждении Правил проведения пилотного проекта по горизонтальному мониторингу
Дата публикации
28 апреля 2020