ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫның жобасы
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы
арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу кезінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы
іс-қимыл саласында ақпарат алмасу туралы келісімді
ратификациялау туралы
2021 жылғы 20 шілдеде Мәскеуде жасалған Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу кезінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында ақпарат алмасу туралы келісім ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының Президенті