«Мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңес туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 10 наурыздағы № 116 бұйырығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
- «Мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңес туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 10 наурыздағы № 116 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 392 бұйрығымен бекітілген Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңес туралы ереже осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енгізіледі.
Министр Е. Жамаубаев
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2022 жылғы «14» қаңтардағы
№ 39 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2016 жылғы 10 наурыздағы
№ 116 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңес туралы
ереже
- Жалпы ережелер
- Осы Мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңес туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 392 бұйрығымен бекітілген Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларына сәйкес әзірленді.
- Мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ішкі мемлекеттік аудит мәселелері жөніндегі қызметін жетілдіру мақсатында консультативтік-кеңесші орган нысанында құрылады және Ереже негізінде жұмыс істейді.
- Кеңестің құрамы
- Кеңестің құрамы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен бекітіледі.
- Кеңестің қызметіне Қазақстан Республикасының Қаржы министрі – Кеңес төрағасы (бұдан әрі – Кеңес төрағасы) басшылық етеді.
- Кеңес құрамына аппарат басшысы, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі аудит департаментінің басшысы кіреді.
- Кеңестің міндеттері
- Кеңестің негізгі міндеттері болып мыналар табылады:
1) ішкі мемлекеттік аудит мәселелері бойынша туындаған келіспеушіліктерді шешу (мемлекеттік аудит объектісінің ішкі мемлекеттік аудит нәтижелерімен; ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган жүргізген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі аудит департаменті (бұдан әрі – Ішкі аудит департаменті) қызметінің сапасын бақылау және тиімділігін бағалау нәтижелерімен келіспейтіні туралы қарсылықтары);
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволарының, ведомстволарының аумақтық органдарының және ведомстволық бағынысты ұйымдарының (бұдан әрі – ішкі мемлекеттік аудит объектілері) қызметін үйлестіру, ішкі аудитті жоспарлау және жүргізу кезінде ресурстар бөлу, ақпараттық жәрдемдесу мәселелерін қарау;
3) мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі ұсынымдарды, Ішкі аудит департаменті есептерін және осы ұсынымдарды іске асыру мониторингін қарау;
4) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға енгізу;
5) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қызметін жетілдіруге бағытталған басқа да мәселелерін қарау.
- Кеңестің және Кеңес мүшелерінің құқықтары
- Кеңес:
ішкі мемлекеттік аудит объектілерінен құжаттарды және ақпаратты сұратуға;
өз құзыреті шегінде ішкі мемлекеттік аудит объектілерінен түсініктемелер мен есептер беруін талап етуге құқылы;
- Кеңес мүшелері:
Кеңес материалдарға қол жеткізе алады;
Кеңес отырысына енгізілген материалдарды талқылауға қатысады.
Кеңес отырысында қарауды және талқылауды талап ететін мәселелерге бастамашылық етеді.
- Кеңестің қызметі
- Кеңестің жұмысы отырыс нысанында жүзеге асырылады.
- Кеңестің шешімі хаттама түрінде ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады.
Кеңестің шешімі мүдделер қақтығысы қағидатын есепке ала отырып қабылданады.
Кеңес шешімі оған қол қойылған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында жариялануға жатады.
- Кеңестің төрағасы отырыстардың хаттамаларына қол қояды.
- Кеңестің төрағасы Кеңес ұсынымдарын іске асыру туралы шешімдерді қарауды және қабылдауды Ішкі аудит департаментімен өзара іс-қимыл жасау арқылы жүзеге асырады.
- Кеңестің жұмысын ұйымдастыру мәселелері Ішкі аудит департаментінің қызметкері болып табылатын Кеңестің хатшысына (бұдан әрі – Кеңес хатшысы) жүктеледі.
- Кеңес отырыстары қажеттігіне қарай өткізіледі. Отырыстың өткізу күнін, уақытын және күн тәртібін Кеңес мүшелерінің пікірлерін ескере отырып, Кеңес төрағасы айқындайды.
- Кеңес отырыстарының хаттамалары Ішкі аудит департаментінде қағаз және электрондық тасығышта сақталады.
- Кеңес хатшысы Кеңестің барлық мүшелеріне отырыстың күн тәртібін көрсете отырып, алдына ала хабарлама жібереді және оларды барлық қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді.
- Кеңес отырысқа қатысатын Кеңес мүшелерінің көпшілік дауысымен шешім қабылдайды. Дауыстар тең болған жағдайда Кеңес төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
- Қорытынды ереже
- Осы Ережеде реттелмеген барлық мәселелер қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.