Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару, екінші деңгейдегі банктердің кепілдік саясатын, бағалау қызметін реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру үшін әзірленді.
Жобада Қазақстан Республикасы Үкіметінің:
заттай нормаларды әзірлеу процесін жетілдіру бөлігінде «Заттай нормаларды әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 18 наурыздағы № 146;
республикалық бюджет жобасын әзірлеу процесін жетілдіру бөлігінде «Республикалық бюджет жобасын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 24 тамыздағы № 502 қаулыларына түзетулер енгізу көзделеді.
Бұдан басқа, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 5-тармағына сәйкес келтіру мақсатында жоба мәтін бойынша заңнамалық актілердің күнін алып тастауды көздейді.
Бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына (http://legalacts.egov.kz) 2022 жылы 18 қаңтарда орналастырылған.
Бұйрық жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі 2022 жылғы 2 ақпанға дейін.