Жобаны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі әзірлеген.
«Eurasian Resources Group S.a.r.l.» компаниясының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 1411 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы (бұдан әрі – Жоба) Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 11 қаңтардағы № 756 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы» жарлығымен сәйкестендіру және қабылданатын шешімдерді заңды бекіту мақсатында «Eurasian Resources Group S.a.r.l.» компаниясының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 1411 қаулысына өзгеріс енгізуді көздейді.
Жобаны іске асыру мақсаты республикалық мемлекеттік меншікті иелену қызметін қамтамасыз ету бойынша шараларды білікті сүйемелдеу болып табылады.
Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді.
Жобаны іске асыру «Eurasian Resourses Group S.a.r.l.» компаниясының директорлар кеңесі құрамын өзектендіруіне ықпал етеді (Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 11 қаңтардағы № 756 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы» жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметі - акционерінен «Eurasian Resourses Group S.a.r.l.» компаниясы директорлар кеңесінде тиісті өзгерістерді қажет етеді).
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
Жобада қаралатын мәселелер бойынша Үкіметтің бұрын қабылданған актілері:
«Eurasian Resourses Group S.a.r.l.» компаниясының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27желтоқсандағы
№ 1411 қаулысына енгізілген өзгерістермен.
Жобаны және оған материалдарды Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беру рұқсат етіледі.
Жоба Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің (www.minfin.gov.kz) интернет-ресурсында орналастырылған, бұл ретте жоба нормативтік құқықтық акті болып табылмайтындықтан, оны (http://legalaсts.egov.kz) ашық нормативтікқұқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру талап етілмейді.
Жоба Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкес келеді.
Жоба жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғамайды.