«Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
Осы Заң Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша кредиторлар мен проблемалық қарыз алушылар арасындағы қатынастарды реттеу шеңберінде әзірленді және бағалау қызметін жетілдіруге бағытталған.
Бағалаушылардың біліктілігі мен жауапкершілігіне қойылатын талаптарды күшейту көзделеді.
Жосықсыз бағалаушылардың тізілімі құрылуда, ол Қаржы министрлігінің сайтында және қаржылық есептілік депозитарийінде ашық қолжетімділікте болады.
Бағалаушы шартқа қол қояр алдында тапсырыс берушіні Тізіліммен таныстыруға міндетті болады. Осы шара халықтың мүдделерін қорғауға мүмкіндік береді.
Бағалаушылар үшін әр 3 жыл сайын біліктілікті арттыру міндетті шарт болады.
Біліктілік куәлігінің қолданылуын 3 жылға тоқтата тұру мерзімі нақты анықталды, содан кейін бағалаушы міндетті түрде оқудан өтуі керек.
Бұдан басқа, бағалаушы заңнаманы бірнеше рет бұзған кезде біліктілік куәлігінен 5 жылға айырылады. Бұл ретте, куәліктен қайта айырылған кезде бағалаушының кәсіби қызметіне оралу мүмкін болмайды.
Бұдан басқа, бағалаушылар палаталарында және уәкілетті органда бағалау туралы есептерге қол жетімділік жоқ екенін ескере отырып, кепілге салынған мүлікті бағалау туралы есептерді жинау көзделген, бұл кепілге салынған мүліктің құнына талдау жүргізуге мүмкіндік береді.
Осы есептер цифрландырылады және Қаржылық есептілік депозитарийінде орналастырылады. Бұл уәкілетті органға бағалаушылар палаталарына қатысты ден қою шараларын уақтылы қабылдауға мүмкіндік береді.
Бағалау қызметінің рәсімдерін жетілдіру жөніндегі ұсынылып отырған шаралар жалпы алғанда Қазақстан Республикасында бағалау қызметтерінің сапасын арттыруға ықпал ететін болады.