2021 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау үшін «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі бұйрығының жобасы әзірленді.

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі бұйрығының жобасына

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

                    2021 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 24 маусымдағы № 53-VII ҚРЗ Заңына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік, әлеуметтік кәсіпкерлік және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 24 маусымдағы № 52-VII ҚРЗ Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу шеңберінде «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі бұйрығының жобасы әзірленді, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап цифрлық майнинг үшін төлемақы енгізіледі.

Жаңа бюджеттік кіші бағдарламаны ашу бөлігінде жергілікті бюджеттік бағдарламалар бойынша республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсыныстары бойынша бюджет түсімдерінің сыныптамасына және шығыстардың функционалдық сыныптамасына толықтырулар енгізілді.

Бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (http://legalacts.egov.kz) 2021 жылғы 25 қарашада орналастырылды.

Бұйрық жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі – 2021 жылғы 10 желтоқсанға дейін.

 

 

 

 

 

 

 

2021 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау үшін «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі бұйрығының жобасы әзірленді.
Дата публикации
20 декабря 2021