ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтің Алматы облысының халқымен кездесу қорытындысы жөнінде ақпарат

Таяуда ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Алматы облысының тұрғындарымен кездесіп қайтқан болатын.

Кездесуге 170 жуық адам қатысып, оның ішінде өңір тұрғындары, бизнес пен қоғам өкілдері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары болды. Оның барысында вице-министр ведомствоның қызметіндегі негізгі бағыттар туралы жеткізіп, азаматтардың көкейкесті сұрақтарына жауап берді.

Көтерілген мәселелердің басым бөлігі салық және кеден заңнамасына, МКК ақпарат жүйелерінің жұмысына, сондай-ақ салық және кеден қызметін басқарудың жекелеген мәселелеріне қатысты болды.

Бұдан бөлек кездесуде тікелей қаралған өтініштер бойынша тиісті түсініктемелер берілді. Қосымша мұқият зерделеу мен пысықтауды талап ететін мәселелер заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті шараларды қабылдау үшін қарауға қабылданды.

Ашық диалог форматында өткен іс-шара өңір тұрғындарымен министрліктің қызметіндегі өзекті мәселелерді тікелей талқылап, қосымша қарауды талап ететін мәселелердің бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.

 

Дата публикации
18 сентября 2026