«Бюджеттік сұранымды жасау, ұсыну, қарау қағидаларын
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2025 жылғы 22 сәуірдегі № 185 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік сұранымды жасау, ұсыну, қарау қағидаларында:
2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік сұранымы шығыстар көлемін негіздеу үшін кезекті жоспарлы кезеңге бюджеттік бағдарламалар әкімшісі жасайтын және мемлекеттік органның функцияларын, өкілеттіктері мен құзыреттерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі оның қызметі туралы, мемлекеттік органның даму жоспарының немесе даму жоспары жобасының, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспарының мақсаттарына және нәтижелер көрсеткіштеріне немесе Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторларын іске асыруға қол жеткізу туралы мәліметтерді қамтитын бюджеттік құжаттаманы білдіреді және мынадай құжаттардан тұрады:»;
7-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) мемлекеттік органның, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бекітілген даму жоспарының немесе даму жоспары жобасының мақсаттары мен нысаналы индикаторлары немесе іске асыруға бюджеттік бағдарлама бағытталған Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторлары (мемлекеттік органның даму жоспарларын әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары үшін) туралы мәліметтер;»;
11-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттерін және (немесе) бюджеттік кредиттерді беруге бағытталған жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалары әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының паспорттарын республикалық немесе облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың немесе аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарына оларға қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей жеткізеді.»;
12-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Есеп-қисаптар бюджеттік бағдарламалар паспорттарының түпкілікті нәтижелеріне және (немесе) мемлекеттік органның, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бекітілген даму жоспарының немесе даму жоспары жобасының нысаналы индикаторларына қол жеткізуге арналған шығыстарды бағыттау қажеттілігі ескеріле отырып жасалады.»;
41-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы есепті жасау кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын жұмсақ мүкәммалмен жарақтандыру нормаларын басшылыққа алған жөн.»;
48-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«01-161 нысан бойынша шығыстарды есептеу кезінде «Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі
№ 1428 және «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 (бұдан әрі –
№ 256 қаулы) қаулыларын басшылыққа алған жөн.»;
54-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
««Астана» халықаралық қаржы орталығының әкімшілігіне трансферттерді аударуға бағытталған бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстарды жоспарлау кезінде есептеулер Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған мақсаттарды іске асыруға бағытталған шығыстардың түрлері бойынша жасалады. Есептеулерге шығыстардың әрбір түрі бойынша тиісті құжаттар мен негіздемелер қоса беріледі.»;
68-тармақтың екінші бөлігінің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
««облыс (өңір)» деген жолда астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың атауы;»;
70-тармақтың екінші бөлігі бесінші абзацына орыс тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізілді, қазақ тілдегі мәтіні өзгермейді;
75-тармақтың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«астананың, облыстық бюджеттік бағдарламалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қол қояды және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органға ұсынады;»;
77-тармақтың 21) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«21) бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi штат санын ұлғайтуға Мемлекет басшысының не оның уәкілеттік беруімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімін растайтын құжатты;»;
82-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«82. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган:
бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының паспорттарын түпкілікті нәтижелерді дұрыс таңдау, бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген түпкілікті нәтижелерді астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспарының нысаналы индикаторларымен өзара байланыстырудың болуы тұрғысынан қарайды және Кодекстің 45-бабына сәйкес жүргізілетін бюджеттің атқарылуын талдау, мониторинг нәтижелерін, Кодекстің 43-бабына сәйкес жүргізілетін шығыстарға бюджеттік шолу қорытындыларын ескере отырып, Кодекстің 37-бабына сәйкес жасалатын астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспарына өңірлік саясат жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындыларын және астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспарының өзін, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінісінде бюджеттік бағдарламалар паспорттарының нысаналы индикаторлары мен түпкілікті нәтижелерінің тізбесін және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің паспорттарына қорытынды қалыптастырады;
жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік сұранымын:
Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкестігі;
функцияларына, өкілеттіктері мен құзыреттеріне сәйкестігі;
түпкілікті нәтижелерді дұрыс таңдау;
бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген түпкілікті нәтижелерді астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бекітілген даму жоспарының немесе даму жоспарының жобасымен өзара байланыстырудың болуы;
түпкілікті нәтижелердің шынайылығы мен қол жетімділігі;
бюджеттік бағдарламалар паспорттарының іс шараларының түпкілікті нәтижелерге сәйкестігі;
бюджеттік бағдарламалар паспорттары іс-шараларының жоспарланған бюджет қаражатының көлеміне сәйкестігі тұрғысынан қарайды.
Мемлекеттік органның, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бекітілген даму жоспарының немесе даму жоспары жобасының нысаналы индикаторларына қол жеткізу үшін бюджет қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда нысаналы индикаторға қол жеткізу үшін қажетті сома мен түпкілікті нәтижеге (түпкілікті нәтижелерге) қол жеткізу үшін бюджеттік бағдарламаның паспортында көзделген сома айырмасына бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның және (немесе) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органның қорытындысында шығыстардың, оның ішінде жоспарлы кезеңде бюджет қаражатын бөлу мүмкін болмайтын мемлекеттік инвестициялық жобалар шығыстарының тізбесі айқындалады.»;
85-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«85. Ағымдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджетті нақтылау кезінде жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік сұранымдарын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынады, одан әрі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде бюджеттік сұранымдарды қарайды, олар бойынша қорытындылар дайындайды және астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бюджет комиссиясының немесе әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімі аппаратының, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
Ағымдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджетті түзету кезінде жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері осы Қағидаларға 93, 94 және
95-қосымшаларға сәйкес жиынтық ақпаратты мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынады, одан әрі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде есеп-қисаптарды қарайды, олар бойынша қорытындылар дайындайды және астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бюджет комиссиясының немесе әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімі аппаратының, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
Бұл ретте, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаражатын қайта қарастыру кезінде жалпы сома азайған жағдайда түсіндірме жазба ғана ұсынылады, ал қосымша қаражат бөлінген жағдайда осы Қағидалармен көзделген есеп-қисаптардың нысандары ұсынылады.
Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бюджет комиссиясының немесе әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімі аппаратының, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының ұсынысын ескере отырып, бюджет комиссиясының отырысынан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға түпкілікті бюджеттік сұранымдарды және бюджеттік бағдарлама паспорттарымен бірге есеп-қисаптардың нысандарын ұсынады.»;
90-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«90. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттік бағдарламалары әкімшілерінің бюджеттік сұранымы тиісті жергілікті бюджеті бекітілгеннен кейін ағымдағы қаржы жылының 30 желтоқсанына дейін пысықталады және тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің басшысы қол қояды және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органға ұсынылады.»;
93 және 94-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«93. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың тексеру комиссияларының бюджеттік сұранымы тиісті жергілікті бюджет бекітілгеннен кейін ағымдағы қаржы жылының 30 желтоқсанына дейін тиісті тексеру комиссиясының төрағасы қол қояды.
көрсетілген Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларға орыс тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізілді, қазақ тілдегі мәтіні өзгермейді;
көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 21-1, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30 және 31-қосымшаларға орыс тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізілді, қазақ тілдегі мәтіні өзгермейді;
көрсетілген Қағидаларға 33, 34, 35 және 36-қосымшаларға орыс тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізілді, қазақ тілдегі мәтіні өзгермейді;
көрсетілген Қағидаларға 37-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 45-1, 46, 47, 48, 49, 50, 51, 52, 53, 54, 55, 56, 57, 58, 59, 59-1, 60, 61, 62, 63, 64, 65, 66 және 67-қосымшаларға орыс тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізілді, қазақ тілдегі мәтіні өзгермейді;
көрсетілген Қағидаларға 67-1-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 68, 69, 70, 71, 71-1, 72, 73, 74 және 75-қосымшаларға орыс тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізілді, қазақ тілдегі мәтіні өзгермейді;
көрсетілген Қағидаларға 77, 78, 79, 80, 81, 82, 83, 83-1 және 84-қосымшаларға орыс тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізілді, қазақ тілдегі мәтіні өзгермейді;
көрсетілген Қағидаларға 86- қосымшаға орыс тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізілді, қазақ тілдегі мәтіні өзгермейді;
көрсетілген Қағидаларға 88-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 90, 91 және 92-қосымшаларға орыс тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізілді, қазақ тілдегі мәтіні өзгермейді.
1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі М. Такиев