Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) қолдауымен және ұлттық әріптестермен ынтымақтастықта елдегі орнықты даму саласындағы ақпаратты ашу жүйесін дамытуға бағытталған екі негізгі жарияланымды ұсынады:
«IFRS (ХҚЕС) S1 және S2 стандарттарын және Қазақстан Республикасында ақпаратты ашудың толықтырушы стандарттарын енгізуге нарық пен нормативтік ортаның дайындығын бағалау» https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/documents/details/1014084?lang=ru;
«Орнықты даму саласындағы ақпаратты ашу жөніндегі ұлттық жол картасы: Қазақстан Республикасында IFRS (ХҚЕС) S1 және S2 стандарттарын енгізудің кезең-кезеңімен тәсілі» https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/documents/details/1014000?lang=ru.
Жарияланымдар Қазақстанның орнықты даму саласындағы ақпаратты ашу стандарттарын енгізуге дайындығын кешенді бағалауды қамтиды, сондай-ақ халықаралық практикаларға сәйкес ақпаратты ашудың ұлттық жүйесін қалыптастыруға кезең-кезеңмен тәсілдерді айқындайды.
Материалдар мемлекеттік органдардың, қор биржаларының, қаржы ұйымдарының, бизнестің, кәсіби ұйымдар мен халықаралық әріптестердің қатысуымен кең ауқымды консультативтік процесс шеңберінде әзірленді. Құжаттарды әзірлеу шеңберінде ақпаратты ашу тәсілдерін одан әрі дамыту мәселелері, оларды енгізу кезеңділігі, сондай-ақ халықаралық үрдістер мен қосарлы маңыздылық тұжырымдамасын ескере отырып, компаниялардың қоршаған ортаға, қоғам мен экономикаға әсеріне байланысты ақпаратты ашу практикасын кеңейту мүмкіндігі мәселелері қаралды. Тұрақты есеп беру жүйесін одан әрі жетілдірудің осы және басқа да мәселелерін Жол картасын іске асыру және мүдделі мемлекеттік органдар мен нарық қатысушыларының қатысуымен тиісті жұмыс тобының қызметі шеңберінде пысықтау жоспарланып отыр.
Бастама орнықты қаржыландыру жүйесін одан әрі дамытуға, ESG және климаттық есептілікті жетілдіруге, сондай-ақ Қазақстанның неғұрлым орнықты, ашық және бәсекеге қабілетті экономикаға көшуін қолдауға ықпал етеді.
Жарияланымдар ЕО қаржыландыратын Sustainable Finance Advisory Hub (SFAH) құрамында іске асырылатын Sustainability Disclosure and Management Hubs (SDMH) бағдарламасы шеңберінде БҰҰДБ-мен тығыз ынтымақтастықта Еуропалық Одақтың қолдауымен дайындалды.