Тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстан көпвекторлы сыртқы саясат жүргізіп, барлық елдермен достық қарым-қатынасты қолдап келеді.
Күшті экономикасы мен инвестициялық тартымдылығының арқасында Қазақстан тікелей шетелдік инвестицияларды (ТШИ) тартып, осылайша Орталық Азия өңіріндегі ТШИ-дің ең ірі алушысы болып отыр.
Инвестицияларды тартуда халықаралық қаржы ұйымдары (ХҚҰ) ерекше рөл атқарады.
Қазақстан Дүниежүзілік банк, Еуропалық қайта құру және даму банкі, Азия даму банкі, Ислам даму банкі, Еуразиялық даму банкі сияқты ұйымдармен стратегиялық өзара іс-қимылдың маңызын жоғары бағалайды.
Қазақстан Республикасының ХҚҰ-ларға қатысуы еліміздің олардың қаржы ресурстарына қол жеткізуіне және оларды мақсатты бөлу бойынша дауыс беруге қатысу құқығына мүмкіндік береді.
ДБ, АДБ, ИДБ, ЕҚҚДБ, АБИИ, ЕАДБ сияқты даму институттарының жоғары AAA рейтингі бар, бұл оларға нарықтан ең төмен мөлшерлемемен қаражат тартуға және кейіннен мүше елдерді несиелеуге мүмкіндік береді.
ХҚҰ жобалары инфрақұрылым және көлік, энергетика, шағын және орта бизнес, муниципалдық сектор, тау-кен өндірісі, агроөнеркәсіптік кешен, химия өнеркәсібі және басқа да салаларда жүзеге асырылады, бұл өз кезегінде жаңа жұмыс орындарының ашылуына және халықтың әл-ауқатының жақсаруына ықпал етеді.
Ведомствомыздың халықаралық ынтымақтастығының маңызды бөлігі интеграциялық бірлестіктермен (ЕАЭО, ШЫҰ, ТМД, ҰҚШҰ және т.б.) өзара іс-қимыл болып табылады.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі өңірлік бірлестіктермен (ШЫҰ, ТМД, ҰҚШҰ, АӨСШК және т.б.) және халықаралық ұйымдармен (ЕО, ЭЫДҰ, ЭЫҰ, ИЫҰ және т.б.) ынтымақтастық аясында қабылданған құжаттардың жобаларын әзірлеуге және іске асыруға белсенді қатысады.
ШЫҰ мен ТМД аясында қаржы министрлері кеңестері жұмыс істейді.
Әсіресе ведомствоның Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) шеңберіндегі қызметін атап өткен жөн.
Қазіргі ЕАЭО күн тәртібінде Қаржы министрлігі үшін кедендік реттеуді, салықтық әкімшілендіруді жетілдіру, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу саласындағы мәселелер аса маңызды бағыттар болып табылады.
ЕАЭО туралы шартта, ЕАЭО Кеден кодексінде және ЕАЭО құқығының өзге де актілерінде бірыңғай кедендік қағидалар мен тәсілдер бекітілген.
ЕАЭО шеңберінде барлық кедендік операцияларды электрондық форматқа көшіру, сондай-ақ ЕАЭО кедендік аумағы арқылы тауарлардың еркін транзитін қамтамасыз ету бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде.