«Пилоттық жоба шеңберінде блоктық бюджет жұмысын
үйлестіру жөнінде комиссия құру туралы»
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы
2 қарашадағы № 152-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы
«Пилоттық жоба шеңберінде блоктық бюджет жұмысын үйлестіру жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 2024 жылғы 2 қарашадағы № 152-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Пилоттық жоба шеңберінде блоктық бюджеттеу жұмысын үйлестіру жөнінде комиссия құру туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Пилоттық жоба шеңберінде блоктық бюджеттеу жұмысы барысындағы мәселелерді қарау бойынша ұсыныстар тұжырымдау мақсатында:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Пилоттық жоба шеңберінде блоктық бюджеттеу жұмысын үйлестіру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Комиссия жыл сайын, есепті қаржы жылынан кейінгі 31 наурыздан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына пилоттық жоба шеңберінде блоктық бюджеттеу жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныстар беріп тұрсын.»;
көрсетілген өкімге қосымша осы өкімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген өкіммен бекітілген Пилоттық жоба шеңберінде блоктық бюджет жұмысын үйлестіру жөніндегі комиссия туралы ережеде:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Пилоттық жоба шеңберінде блоктық бюджеттеу жұмысын үйлестіру жөніндегі комиссия туралы ереже»;
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Пилоттық жоба шеңберінде блоктық бюджеттеу жұмысын үйлестіру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Комиссияның міндеттері блоктық бюджеттеу жұмысы мәселесі бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар тұжырымдау, сондай-ақ пилоттық жоба шеңберінде қатысушыларды үйлестіру болып табылады.».
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2026 жылғы « »
№ өкіміне
қосымша
Пилоттық жоба шеңберінде блоктық бюджеттеу жұмысын үйлестіру жөніндегі комиссияның құрамы
|
Такиев |
– |
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, төраға |
|
Темірбеков |
– |
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, төрағаның орынбасары |
|
Ахметов |
– |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік процесс әдіснамасы департаменті директорының орынбасары, хатшы |
|
Энгель |
– |
Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі (келісу бойынша) |
|
Ахмедьяр |
– |
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша) |
|
Әмрин |
– |
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі |
|
Жарасбаев |
– |
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт |
|
Ыбрайханов |
– |
Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация вице-министрі |
|
Алпысов Ермек Амантайұлы |
– |
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары |
|
Қайыпов |
– |
Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары |
|
Имашев |
– |
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аппарат басшысы (келісу бойынша) |
|
Жұмабаев |
– |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты Экономикалық бөлімінің меңгерушісі |
|
Алдасүгірова |
– |
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Әлеуметтік сала бюджеті департаментінің директоры |
|
Әшім |
– |
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі Қаржы департаментінің директоры |
|
Бейсембаев |
– |
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Бюджеттік процесс әдіснамасы департаментінің директоры |
|
Муллабаева Гульором Фармановна |
– |
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Бюджет саясаты департаментінің директоры |
|
Есдәулетова |
– |
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Инвестициялық саясат департаментінің директоры |
|
Исмағұлов |
– |
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры |
|
Қылышпаев |
– |
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаментінің директоры |
|
Мақсұтов |
– |
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Өңірлік даму департаментінің директоры |
|
Молдаш |
– |
Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Қаржы департаментінің директоры |
|
Мыңбаев |
– |
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Өңірлерді талдау және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту департаментінің директоры |
|
Оспанов |
– |
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Стратегиялық талдау және даму департаментінің директоры |
|
Махметов Момыш Елтайұлы |
– |
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешен, табиғи ресурстар, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бюджеті департаментінің директоры |
|
Хисматулин |
– |
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Макроэкономикалық талдау және болжау департаментінің директоры |
|
Құдайбергенов |
– |
«Стратегиялық бастамалар орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас әріптесі (келісу бойынша) |
_________________
Премьер-Министр