Нақты сектор субъектілерінің аудиті қаржылық есептіліктің ашықтығын, дұрыстығын арттыруға және пайдаланушылар мен инвесторлардың сенімін арттыруға бағытталған.
Аудиторлық қызмет саласындағы реттеудің міндеттері:
1) аудиторлық қызметтің құқықтық негіздерін белгілеу;
2) аудиторлық қызметті жүзеге асырудың негізгі бағыттарын айқындау;
3) аудиторлық қызмет саласында жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
4) аудиторлардың кәсіби құзыреттерін арттыру үшін жағдайлар жасау.
Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет лицензиялауға жатады.