2018 жылғы 13 шілдеде «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) қолданысқа енгізілді, онда Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі саласындағы тұжырымдамалық өзгерістер көзделген, атап айтқанда көптеген бағалаушылар палаталарының базасында бағалау қызметінде өзін-өзі реттеу енгізілген, бағалаушылар палаталарын сертификаттауға ауыстыра отырып, лицензиялау алып тасталған.
Заңға сәйкес бағалау қызметі саласындағы уәкілетті орган (ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитеті) бағалау қызметі саласында бағалаушылар палаталарының Қазақстан Республикасының заңнамасын, бағалаушылар палатасының жарғысын және ол қабылдаған қағидалар мен стандарттарды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
Өз кезегінде бағалаушылар палатасы палата мүшелерінің Заң талаптарын, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, бағалаушылар палатасының стандарттары мен қағидаларын, сондай-ақ бағалаушылардың іскерлік және кәсіби әдеп кодексін, палатаға мүшелік шарттарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады.
Бағалаушылар палатасына келіп түскен өтініш бағалаушылар палатасының тексеру жүргізуі үшін негіз болып табылады.
Бағалаушыға қатысты өтініштерді қарауды және тәртіптік шаралар қабылдауды өзі мүшесі болып табылатын бағалаушылар палатасы жүзеге асырады.
Сондай-ақ, Заңда бағалау туралы есепте белгіленген бағалау объектісінің нарықтық немесе өзге құны шамасының анықтығы туралы, оның ішінде дәл осы объектіні бағалау туралы қолда бар өзге есепке байланысты да дау болған жағдайда, бағалау туралы есептің сараптамасы – Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасының талаптарына және бағалаушылар палатасы стандарттарына сәйкестігіне зерттеу жүргізілуі мүмкін.
Бағалау туралы есептің сараптамасы бағалауды жүргізген бағалаушы мүшесі болып табылатын бағалаушылар палатасының сарапшылық кеңесі тапсырыс берушінің және (немесе) бағалау туралы есепке дау айтатын үшінші тұлғаның бастамасы бойынша жүргізеді.
ҚР Қаржы министрлігіне шағымдар келіп түседі, олардың көпшілігі әртүрлі бағалаушылар айқындаған бір ғана бағалау объектісі құнының шамасындағы айырмашылық сипатына ие.
2026 жылғы қаңтардан бастап осы уақытқа дейін ҚР Қаржы министрлігі 40-тан астам түсіндірме берді.