Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, Бюджет кодексінен және қабылдануы Бюджет кодексінде көзделген нормативтік құқықтық актілерден тұрады. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында күші болады және барлық жеке және заңды тұлғаға қолданылады.
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 109-бабының 9-тармағына сәйкес, мемлекеттік мекемелердің АҚМ тіркеуді жүзеге асыру тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
Мемлекеттік мекемелердің АҚМ тіркеу талаптары мен тәртібі Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерімен, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерімен регламенттелген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 328 бұйрығымен бекітілген.
Мысалы: Мемлекеттік мекеме шартты немесе тіркелген шартқа қосымша келісімді тіркеу үшін «Қазынашылық-клиент» ЦЖ бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаментіне АҚМ тіркеуге арналған өтінім жібереді. Өтінімді, шартты тексеру тәртібі, аванстық (алдын ала) төлем мөлшері бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдері, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерімен белгіленген.
http://adilet.zan.kz/rus/docs/G25E0000328
Қазынашылық сүйемелдеу – қолма-қол ақшаны бақылау шоттары арқылы төлемдер жүргізу кезінде құрылыспен байланысты бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде аванс беруге бөлінген қаражаттың нысаналы пайдаланылуын Бюджет кодексінің 110-бабына сәйкес ағымдағы бақылауды жүзеге асыру жөніндегі қызмет.
Мысалы: Мемлекеттік мекеме ғимаратты салуға немесе реконструкциялауға шарт жасасты. Шарт талаптарында 30% мөлшерінде аванс көзделген. Осы шарт қазынашылық сүйемелдеу шеңберіндеіске асырылуға тиіс.
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 110-бабының 4-тармағына сәйкес, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған АҚМ тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесін айқындайды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 328 бұйрығымен бекітілген Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерінің, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерінің 177-тармағына сәйкес мемлекеттік мекемелер шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша міндеттемелерді ағымдағы қаржы жылына арналған міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларымен бекітілген сомалар шегінде қабылдайды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 20 мамырдағы № 242 бұйрығымен бекітілген Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесі.
Мысалы: Егер мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2025 жылғы 20 мамырдағы № 242 бұйрығына енгізілген ерекшелік бойынша шарт жасаса және шарт сомасы айлық есептік көрсеткіштің жүз еселенген мөлшерінен асса,шарт Мемлекеттік қазынашылық департаментінде міндетті түрде тіркелуге тиіс.
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/G25E0000242