Артқа

Есенбаев Сайран Қайратұлы

ҚР ҚМ Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер департаменті директорының орынбасары

Жалпы ақпарат, білімі

1994 жылы Ақмола облысында дүниеге келген.

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «Радиоинженерия, электроника және телекоммуникациялар» және «Қаржы» мамандықтары бойынша бітірген.

Мансап

Ол өз еңбек жолын 2015 жылы «Қазақтелеком» АҚ-да бастады.

2017 жылдан 2019 жылға дейін мемлекеттік кірістер органдарында жұмыс істеді.

2019 жылдан 2022 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер департаментінің Цифрландыру басқармасында бас сарапшы қызметін атқарды.

2022 жылдан 2026 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер департаментінде Мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы лауазымын атқарды.

2026 жылғы шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер департаменті директорының орынбасары қызметін атқаруда.
Жаңарту күні: