«Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын көрсететін жеке басты куәландыратын құжаттарды жеделдетілген тәртіппен беру бойынша көрсетілетін қызмет бағаларының прейскурантын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 22 ақпандағы №143 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Ішкі істер министрі бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Ішкі істер министрлігі «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Заңына сәйкес «Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын көрсететін жеке басты куәландыратын құжаттарды жеделдетілген тәртіппен беру бойынша көрсетілетін қызмет бағаларының прейскурантын бекіту туралы» ІІМ-нің 2018 жылғы 22 ақпандағы №143 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» ҚР Ішкі істер министрінің бұйрық жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірледі.
Жоба шеңберінде «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Заңының 20-бабы 2) тармағына сәйкес бұйрықтың тақырыбына өзгерістер енгізіледі, яғни бұйрықтың тақырыбы келесідей жазылатын болады:
«Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатын және азаматтығы жоқ адамның куәлігін жеделдетілген тәртіппен беру үшін бағалар прейскурантын бекіту туралы».
Жобаның мәтінімен Ашық НҚА|НҚА (egov.kz) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады.
Осы жобаны жария талқылауға қатысуды сұраймыз.