«Ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру мәселелері бойынша өтініштерді (шағымдарды) қабылдау, рәсімдеу және қарау, оның ішінде азаматтықтан шығу, жоғалту, азаматтығынан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесілігін айқындауды оңайлатылған (тіркеу) тәртіппен қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 85 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жобаға баспасөз хабарламасы

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңға қол қойды. «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы», «Халықтың көші - қоны туралы» заңдарға түзетулер енгізілді.

Тиісті жоба халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіруге бағытталған.

Жобада мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде білмеген жағдайда, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін, сондай-ақ Қазақстан тарихын ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындайтын көлемде білмеген жағдайда Қазақстан азаматтығына қабылдау және қалпына келтіруден бас тартудың жаңа негіздері қарастырылған.

Азаматтықты қабылдауға немесе қалпына келтіруге өтініш білдірген адамдардың білім көлемі мен деңгейін ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындайтын болады.

Мемлекеттік тілді, Қазақстан Конституциясы мен тарихының негіздерін  білуге арналған тестілерді ғылым және жоғары білім министрлігі бекітеді және соның  нәтижелері бойынша сертификат беріледі.

 

Көші-қон қызметі комитеті