Бұрынғы КСРО төлқұжаттарымен жүрген адамдардың мәртебесін реттеп құжаттандыру, әкімшілік кедергілерді жою және көші-қон саласындағы мемлекеттік қызметтерді цифрландыру туралы брифинг
28 қыркүйек сағ. 11:00-де онлайн-көрсетілім форматында брифинг өтеді.
Брифинг тақырыбы – бұрынғы КСРО төлқұжаттарымен жүрген адамдардың мәртебесін реттеп құжаттандыру, әкімшілік кедергілерді жою және көші-қон саласындағы мемлекеттік қызметтерді цифрландыру туралы
Спикерлері:
ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары Сабыржан Сейітжанов;
Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі жоғарғы коммисары басқармасының (БЖКБ) құқықтық мәселелер жөніндегі қызметкері Шолпан Олжабаева;
Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық Бюросы директорының орынбасары Денис Дживага.
Көрсетілімнің жүргізушісі – ҚР ІІМ-нің ресми өкілі Нұрділдә Ораз.
Тақырып бойынша сұрақтарды бүгін 25 қыркүйек сағ.16:00-ге дейін mvd_pr@mail.ru электронды мекенжайға немесе 8 705 440 83 65 WhatsApp нөміріне жолдау қажет.
28 қыркүйек 2020
Выступление