
Қазақстан Республикасы ІІМ Көші-қон қызметі комитеті 2020 жылғы 29 қазандағы «Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия» отырысы хаттамасының 6-тармағына сәйкес, мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде шетел азаматтарына жол жүру құжаттарының, Қазақстан Республикасы визаларының, Қазақстан Республикасындағы ықтиярхаттардың, Қазақстан Республикасындағы уақытша болуға рұқсаттардың қолдану мерзімдері 2021 жылғы 5 қаңтарға дейін аяқталған немесе аяқталатын болса әкімшілік жауапкершілікке тартылмай шығуға рұқсат етілген хабарлайды.
Сонымен бірге, еңбек иммигранттарының заңда белгіленген тәртіппен жарамды рұқсаты болуы керек.