Қазақстан Республикасының азаматтығы қашан алынады және қай сәттен бастап тоқталады?

       Көші-қон қызметі комитетіне азаматтардан Қазақстан Республикасының азаматтығын алу және тоқтату мерзімін есептеу бойынша сұрақтар жиі түседі.

Қазақстан Республикасы азаматтық туралы» Заңының 37-бабына сәйкес:

Қазақстан Республикасы азаматтығына:

- азаматтыққа қабылдау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы шыққан күні;

- кәмелетке толмағандардың туған немесе асырап алынған күні;

- кәмелетке толмағандардың ата-анасын Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы шыққан күні;

- мемлекетаралық шарттарында көзделгендей тәртiп бойынша тіркелген күні;

- жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу тіркелген күні ие болады.

Қазақстан Республикасының азаматтығы:

- Қазақстан Республикасы Президентiнiң азаматтықтан шығару туралы Жарлығы шыққан күнi;

- Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру туралы соттың үкімі заңды күшіне енген күні;

- осы Заңда көзделген тәртiппен мемлекеттiк органдардың оны жоғалтқанын тiркеген күнi;

- Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген тәртiппен Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуы тiркелген күнi тоқталады.

Жарияланған күні

05 қараша 2020

Жаңарту күні

05 қараша 2020