
Ағымдағы жылдын басынан бастап Көші-қон қызметі комитетімен барлығы 3 млн. 011 мың Мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
Мемлекеттік корпорация арқылы - 2 млн. 840 мың;
Қағаз түрінде- - 170 мың 485;
1291 өтініш бойынша мемлекеттік қызметерді ұсынудан бас тартылғандығын атап өту қажет.
Көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары Галина Ордабайқызы Сәрсенова атап өткендей, барлық мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту, дәлелді.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 19-1-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартқан кезде, қызметті алушыға, себептерін көрсете отырып жауап жолданды.