
Республика халқының есебі және көші-қон легін талдау динамикасы азаматтарды тұрғылықты және уақытша болу жері бойынша тіркеу кезінде жүзеге асырылады. Ішкі көші-қонды мониторингтеу оның шамамен 80% облыс ішілік және 20% дейін облыс аралыққа келетінін көрсетті.
Бұл ретте елдегі Төтенше жағдай кезінде Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жабылуына байланысты (ағымдағы жылғы 26 наурыздан бастап), барлық аймақтарда карантин режимін енгізгілуіне байланысты бір қатар шаралар және облыстардың аумағына адамдардың кіріп-шығуына уақытша шектеулер көзделгендіктен, ішкі көші-қон көрсеткіші ағымдағы жылғы 5 айында төмендеді, осыған байланысты тіркелген азаматтардың есебі 40% қысқарды.
2020 жылдың 5 айында 644 мыңнан астам Қазақстан Республикасының азаматы тіркелді (40% төмен, 2019 ж. 5 айында – 1 607 мың), оның ішінде тұрақты – 560,7 мың (41% төмен, 2019 ж. 5 айында – 1 364 мың) және уақытша – 83,3 мың ҚР азаматы (34% төмен, 2019 ж. 5 айында – 242,9 мың).
Ағымдағы жылдың 5 айында Қазақстан Республикасы азаматтарының ең көп тіркелгені Түркістан облысына келеді (77,1 мың), Алматы қаласы (71,9 мың), Алматы облысы (70,1 мың), Нұр-Сұлтан қаласы (64,7 мың), Шымкент қаласы (41,9 мың), Қарағанды облысы (40,7 мың), Шығыс Қазақстан (35,5 мың) және Жамбыл (33,5 мың) облыстары.
Елімізде ағымдағы жылғы 16 наурыздан бастап 11 мамырға дейін Төтенше жағдай енгізілгендігіне байланысты, тұрғылықты және уақытқа болу жері бойынша уақытылы тіркеулерін ресімдемеген Қазақстан азаматтары ҚР ӘҚБтК 11-бабы 1-бөлімінде көзделген кінәнің жоқтығын ескере (тұлға тек кінәсі анықталған құқық бұзушылық үшін ғана әкімшілік жауапкершілікке тартуға жатады) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 492 бабы бойынша (тұрғылықты, уақытша болу жерлері бойынша тіркеусіз тұрғаны) әкімшілік жауапкершілікке тартуға жатпайды.