
Ағымдағы жылдың 5 айында Қазақстан Республикасының азаматтығына барлығы – 10 980 адам қабылданды, барлығы жеңілдетілген тәртіппен (2019 жылы – 20216), оның ішінде 9 755 оралман (2019 жылы – 17 696) қабылданды.
- 427 адам Қазақстанның азаматтығына Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы Келісімнің негізінде қабылданды (2019 жылы – 804);
- 798 адам Тұрмыстағы әйелдің азаматтығы туралы конвенцияға сәйкес (2019 жылы – 1 716) қабылданды.
Қазақстан азаматтығына қабылданғандардың ең көп санын Қытай Халық Республикасынан – 3 867, Өзбекстаннан – 5 017, Қырғызстан Республикасынан – 416, Түрікменстаннан – 494 келген этникалық қазақтар құрайды.