ҚР СІМ Инвестиция комитеті Қаржы және инвестициялық келісімшарттар бойынша мониторинг жүргізу басқармасының сарапшысы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Астана қаласы
180 517
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Халықаралық қатынастар
- Аударма ісі
- Шығыстану
- Шетел филиологиясы
- Түркітану
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Саясаттану
- Аймақтану
- Экономика
- Халықаралық журналистика
- Әлемдік экономика
- Лингвистика
Қосымша талаптар
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.
Міндетті түрде мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін меңгеру.
Функционалды міндеттер
Басқарманың құзыреті шеңберінде ақпараттық, талдамалық және өзге де материалдарды дайындау; Басқарманың құзыреті шегінде бағдарламаларды, іс-шаралар жоспарын және басқа да құжаттарды әзірлеу және әзірлеуге қатысу; Комитетте бухгалтерлік есеп жүргізуін қамтамасыз ету; Комитетінің қаржы қызметін жоспарлау; ақша қаражаты мен материалдық құндылықтардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру; бюджет бағдарламаларын іске асыру барысында есеп берулерді дайындау; тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жүзеге асырылуын бақылау; инвесторлардың келісілген шарттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша өтініштерін және басқа да құжаттарын қарау; инвестициялық келісімшарттар бойынша міндеттемелерді орындау және инвестицияны мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша сотта және өзге де мемлекеттік органдарда Комитеттің мүдделеріне өкілдік ету; инвестицияларды мемлекеттік қолдау саласында заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу; инвестицияларды мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді дайындауға қатысу; инвестицияларды мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді келісу; Комитет басшылығы жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 23.11.2022
- Астана қаласы, Қонаев көшесі, 31-үй (онлайн)
-
8 7172 72-08-08