ҚР СІМ Инвестиция комитеті Инвестициялық келісімшарттар жасасу басқармасының атташесі (2 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-5

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Шетел тілі: екі шетел тілі
  • Халықаралық қатынастар
  • Аударма ісі
  • Шығыстану
  • Шетел филиологиясы
  • Түркітану
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Саясаттану
  • Аймақтану
  • Экономика
  • Халықаралық журналистика
  • Әлемдік экономика
  • Лингвистика

Қосымша талаптар

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.

Міндетті түрде мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін меңгеру.

Функционалды міндеттер

Басқарманың құзыреті шеңберінде ақпараттық, талдамалық және өзге де қажетті материалдарды дайындау; инвестициялық преференцияларды беруге өтінімдерді қарастыру және қоса берілген құжаттарды талдау; Инвестициялық келісімшарты бойынша инвесторлар ұсынған міндеттемелерді орындау бойынша  есеп материалдарды жинақтау;инвестициялық преференцияларды алу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы; инвестициялық келісімшарт жобаларын дайындау; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инвестициялық келісімшартқа өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы инвестициялық келісім шарт және шарт жобаларын дайындау; инвестицияны мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесу; инвестицияны мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге қатысу; Инвестицияны мемлекеттік қолдау саласында әлеуетті инвесторлардың өтініштерін қарастыру; Комитет, басқарма басшылығы жүктеген өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 09.11.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

10.11.2022 – 18.11.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

23.11.2022

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Қонаев көшесі, 31-үй (онлайн)

Анықтама алу үшін байланыс

8 7172 72-08-08