ҚР СІМ Инвестиция комитеті Шет елдерден инвестиция тарту басқармасының үшінші хатшысы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Астана қаласы
268 344
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Халықаралық қатынастар
- Аударма ісі
- Шығыстану
- Шетел филиологиясы
- Түркітану
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Саясаттану
- Аймақтану
- Экономика
- Халықаралық журналистика
- Әлемдік экономика
- Лингвистика
Қосымша талаптар
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.
Міндетті түрде мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін меңгеру.
Функционалды міндеттер
Басқарма құзыреті шеңберінде ақпараттық, талдамалық және өзге де қажетті материалдарды дайындау; Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторына шетелдік инвестицияларды тарту мәселелері бойынша халықаралық және қазақстандық іскерлік қауымдастықтармен және өңірлік мемлекеттік басқару органдарының өзара іс-әрекеті, шетелдік инвесторлармен іс-әрекеті, инвестициялық қызметпен байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, шетелдік өкілдіктермен және ұлттық компаниялармен өзара әрекеттесу; Ел басының қатысуымен инвестициялық іс-шараларды өткізу қорытындылары бойынша қол жеткізілген уағдаластықты іске асыру бойынша шетелдік капиталдың қатысуымен экономиканың шикізаттық емес секторында инвестициялық жобаларды мониторингілеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік инвесторлардың қызметі, Комитет басшылығы белгілеген өзге де өкілеттілікті жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 23.11.2022
- Астана қаласы, Қонаев көшесі, 31-үй (онлайн)
-
8 7172 72-08-08