ҚР СІМ Инвестиция комитеті Қаржы және инвестициялық келісімшарттар бойынша мониторинг жүргізу басқармасының екінші хатшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

357 266

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Шетел тілі: екі шетел тілі
  • Халықаралық қатынастар
  • Аударма ісі
  • Шығыстану
  • Шетел филиологиясы
  • Түркітану
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Саясаттану
  • Аймақтану
  • Экономика
  • Халықаралық журналистика
  • Әлемдік экономика
  • Лингвистика

Қосымша талаптар

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.

Міндетті түрде мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін меңгеру.

Функционалды міндеттер

Функционалды міндеттері: Басқарма құзыреті шеңберінде ақпараттық, талдамалық және басқа да қажетті материалдар дайындау; Басқарманың құзыреті шеңберінде бағдарламаларды, іс-шаралар жоспарын және басқа да құжаттарды әзірлеу және  әзірлеуге қатысу; Комитеттің нормативтік құқықтық актілерінің құқықтық мониторингін жүзеге асыру; инвестициялық жобаларды, инвестицияны мемлекеттік қолдау,арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және тарату саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша Комитет қызметінің ұсынысы мен үйлесімін өңдеу; Комитет құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық және құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге қатысу; Комитет құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілер мен халықаралық шарттар жобаларын келісу; инвестициялық келісім-шарттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы инвестициялық шарттарға және инвестициялық келісімшарттарға, нормативтік құқықтық актілер жобаларына,  Комитет бұйрықтарының жобаларына, құқықтық сараптаманы жүзеге асыру; Комитет мүдделерін сотта және өзге де мемлекеттік органдарда өкілдік етуге, заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша құқықтық мәселелерді қарастыру; инвесторлар мен мемлекеттік органдар арасындағы келіспеушіліктер пайда болғанда сотқа дейінгі қарастыруға қолдау көрсету; тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жүзеге асырылуын бақылау; инвесторлардың келісілген шарттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша өтініштерін және басқа да құжаттарын қарау; инвестициялық келісімшарттар бойынша міндеттемелерді орындау және инвестицияны мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша сотта және өзге де мемлекеттік органдарда Комитеттің мүдделеріне өкілдік ету; инвестицияларды мемлекеттік қолдау саласында заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу; инвестицияларды мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді дайындауға қатысу;  инвестицияларды мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді келісу; Комитет басшылығы жүктеген өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 09.11.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

10.11.2022 – 18.11.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

23.11.2022

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Қонаев көшесі, 31-үй (онлайн)

Анықтама алу үшін байланыс

8 7172 72-08-08