ҚР СІМ Инвестиция комитеті Шет елдерден инвестиция тарту басқармасының бірінші хатшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

422 437

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Шетел тілі: екі шетел тілі
  • Халықаралық қатынастар
  • Аударма ісі
  • Шығыстану
  • Шетел филиологиясы
  • Түркітану
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Саясаттану
  • Аймақтану
  • Экономика
  • Халықаралық журналистика
  • Әлемдік экономика
  • Лингвистика

Қосымша талаптар

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.

Міндетті түрде мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін меңгеру.

Функционалды міндеттер

Басқарма жұмысын ұйымдастыру, үйлестіру және қамтамасыз ету; Тапсырмаларды (іс-шаралар жоспарын қоса алғанда) сапалы және уақытылы орындау, басқарма құзыретіне кіретін өтініштерді және басқа құжаттарды қарау; Басқарма құзыретіне кіретін ақпараттық, талдаулық және басқа қажетті материалдарды дайындау; Басқарма құзыретін кіретін бағдарламаларды, іс-шаралар жоспарларды және басқа құжаттарды дайындау және дайындауға қатысу; Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) қызметін үйлестіру; мемлекет басшылығының қатысуымен Кеңес отырыстарын әзірлеу және өткізу бойынша іс-шаралар ұйымдастыру, сондай-ақ Кеңес отырыстарының хаттамалық тапсырмаларының орындалуын мониторингілеу; Кеңестің бірлескен жұмыс топтарының қызметін үйлестіру, Кеңес қызметі бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу, бизнес-форумдар, инвестициялық конференциялар және Қазақстан экономикасының шикізаттық емес салаларына шетелдік инвестициялар тарту бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;  Қазақстан экономикасының шикізаттық емес салаларына шетелдік инвестициялар тарту бойынша халықаралық және қазақстандық іскерлік қауымдастықтармен, қаржы ұйымдарымен және мемлекеттік басқарманың аймақтық органдарымен өзара әрекеттесу; шетелдік инвесторлармен өзара әрекеттесу, оның ішінде, олармен Қазақстан экономикасының шикізаттық емес салаларына инвестицияларды жүзеге асыру мәселелері бойынша   мүдделі мемлекеттік органдар мен компаниялардың кездесулерін және келіссөздер жүргізуін ұйымдастыру;  "Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық визаны алуға өтінішхат беру, инвестиция саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу,  Комитет басшылығы белгілеген өзге де өкілеттілікті жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 09.11.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

10.11.2022 – 18.11.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

23.11.2022

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Қонаев көшесі, 31-үй (онлайн)

Анықтама алу үшін байланыс

8 7172 72-08-08