ҚР СІМ Валюта-қаржы департаменті Бюджеттік жоспарлау және талдау басқармасының бас сарапшысы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Астана қаласы
317 807
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.
Міндетті түрде мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін меңгеру.
Функционалды міндеттер
Ұлттық және шетелдік валюталарда жасалған қаржылық операцияларды есепке алу; қаржы ресурстарын ұтымды пайдалануға, валюта-қаржылық мәселелер жөніндегі заңнаманың сақталуына тұрақты және тиімді түрде бақылау жасауды жүзеге асыру; шет елдерге қысқа мерзімді іссапарларға жіберілетін Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының лауазымды тұлғаларын қаржымен қамтамасыз етуді жүзеге асыру; мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау жөніндегі іс-шараларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға қатысуын қаржыландыруды қамтамасыз ету. Мемлекеттік мекеменің қаржылық-шаруашылық жұмыстарының есептілігін, ҚР бюджеттік бағдарламаларын іске асыру туралы есепті жасау, түсімдерді есепке алу, түрлі операциялық жүйелердегі жұмыс істеу машықтарын білу және үйрену.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 20.10.2022
- Астана қаласы, Қонаев көшесі, 31-үй (онлайн)
-
8 7172 72-08-08