ҚР СІМ Қаржы және инвестициялық келісімшарттар бойынша мониторинг жүргізу басқармасының бас сарапшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

317 807

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Шетел тілі: екі шетел тілі
  • Халықаралық қатынастар
  • Аударма ісі
  • Шығыстану
  • Шетел филиологиясы
  • Түркітану
  • Құқықтану
  • Саясаттану
  • Аймақтану
  • Экономика
  • Халықаралық журналистика
  • Әлемдік экономика
  • Лингвистика

Қосымша талаптар

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.

Міндетті түрде мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін меңгеру.

Функционалды міндеттер

Басқарманың құзыреті шеңберінде ақпараттық, талдамалық және өзге де материалдарды дайындау; Басқарманың құзыреті  шегінде бағдарламаларды, іс-шаралар жоспарын және басқа да құжаттарды әзірлеу және әзірлеуге қатысу; Комитетте бухгалтерлік есеп жүргізуін қамтамасыз ету; Комитетінің қаржы қызметін жоспарлау; ақша қаражаты мен материалдық құндылықтардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру; бюджет бағдарламаларын іске асыру барысында есеп берулерді дайындау; тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жүзеге асырылуын бақылау; инвесторлардың келісілген шарттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша өтініштерін және басқа да құжаттарын қарау; инвестициялық келісімшарттар бойынша міндеттемелерді орындау және инвестицияны мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша сотта және өзге де мемлекеттік органдарда Комитеттің мүдделеріне өкілдік ету; инвестицияларды мемлекеттік қолдау саласында заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу; инвестицияларды мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді дайындауға қатысу;  инвестицияларды мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді келісу; Комитет басшылығы жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 13.10.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

14.10.2022 – 18.10.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

20.10.2022

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Қонаев көшесі, 31-үй (онлайн)

Анықтама алу үшін байланыс

8 7172 72-08-08